• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:17:52
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2018 NEWS

АҚШ-тың жаңа санкциялары ресейлік қор нарығының құлдырауына әкелді

Мәскеу қор биржасындағы сауда-саттықтағы индексі 9 сәуірде күндіз — 9,386%, РТС—11,539% -ға төмендеді.

АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкцияларының әсерінен ресейлік бизнесмендер 17 млрд доллар жоғалтты. Бұл жайында Риа Новости хабарлады.

BBI рейтингінде әлемдегі ең бай 500 адам бар және Нью-Йорктегі биржалық сауда-саттықты тоқтату нәтижесінде күн сайын жаңартылады. Қазір бұл тізімде 25 ресейліктер бар, дүйсенбіге дейін олардың тізімінен бір адам ғана өз байлығын арттырды, ал қалған 24 адам шығынға ұшырады.

Ең көп шығынға ұшыраған –  «Норильский никель» басышысы Владимир Потанин. Оның мүлкі 10 пайызға азайды немесе 1,5 млрд доллар шығынға ұшырады. Сенатор Сүлеймен Керімов 1,4 млрд долларын жоғалтты. Олег Дерипаска 1,3 млрд доллар шығынға ұшыраса, Виктор Вексельберг пен Вагит Алекперов, Леонид Михельсон 840 млн доллар жоғалтты.

АҚШ-тың санкциялары ресейлік қор нарығының құлдырауына әкелді. Мәскеу қор биржасындағы сауда-саттықтағы индексі 9 сәуірде күндіз — 9,386%, РТС—11,539% -ға төмендеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір