• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:37:50
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2018 Оқиғалар

АҚШ-тың экс-бірінші ханымы көз жұмды (фото)

АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буштың әйелі Барбара Буш 92 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буштың әйелі Барбара Буш 92 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Буштар отбасының ресми өкілі Джим Макграт Буш ханымның қайтыс болғаны туралы Туиттер парақшасына жазған.  Барбара Буш жүрек және өкпе ауруларынан зардап шеккен. Сонымен бірге АҚШ-тың экс-бірінші ханымы денсаулығының нашарлауына қарамастан дәрігердің көмегіне жүгінбей, соңғы күндерін отбасымен өткізген.

Барбара Буш

Оның артында алты баласы, 17 немересі, жеті шөбересі қалды. Жерлеу рәсімі алдағы сенбіде өтеді. Шетелдік БАҚ-тың ақпарына сүйенсек,  Барбара Буш АҚШ-тың бірінші ханымы ретінде ерекше танымал болған. Оның шашы ерекше болғандықтан көпшілік оны «күміс түлкі» деп те атаған. Тіпті, 1989-1993 жылдары президент болып отырған күйеуінен де танымалырақ екенін көрсеткен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір