• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:51:53
Алматы
+35°

22 Қазан, 2017 NEWS

АҚШ-тың бұрынғы бес президенті бас қосты, Дональд Трамп шақырылмады (фото)

Демократтар Барак Обама, Бил Клинтон мен Джимми Картер және республикандықтар Джордж Герберт Буш және Джордж Буш  бас қосты.

Демократтар Барак Обама, Бил Клинтон мен Джимми Картер және республикандықтар Джордж Герберт Буш және Джордж Буш  бас қосты.

АҚШ-тың әлі де тірі, бұрынғы бес президенті 2013 жылдан бері бірінші рет бас қосты, оның түйткілі Америка мен Карибтердегі дауылдан зардап шегушілерге қаржылай көмек көрсету керектігі болды.

mirror.co.uk

Бұрындары президент қызметін атқарған бес саясаткер отандастарына көмек қолын ұсыну үшін Техаста сенбіде түнде болған  One America Appeal концертінде жиналды.

Бұл кездесуге Дональд Трамп келмеді, ол жай ғана бейне жазба жіберіп «Американың халыққа қызмет еткен сыйлы азаматтарына» алғысын білдірді.

Ақ үй Президент Дональд Трамп бұл кездесуге шақырылу-шақырылмауына байланысты сұраққа жауап бермеді.

mirror.co.uk

7 қыркүйектен басталып,  көмек көрсетуге жиналған қаржы қазірдің өзінде 31 миллион АҚШ долларына жетті.

Барак Обама: «Бұрынғы президенттер ретінде біз зардап шеккендердің аяғынан тұрып кетуіне көмектескіміз келеді» деді.

Клинтон мырза былай деді: «Адамдар зардап шегіп жатыр, бірақ бір техастық айтқандай, біздің махаббатымыз бүкіл Техастағы судан да көп».

mirror.co.uk

Бұрынғы президенттер Техаста болған Harvey дауылынан кейін-ақ бас қосуды жоспарлаған болатын.

Концертте Леди Гага және төрт рет Гремми сыйлығын ұтып алған Лили Ловетт сынды музыканттар өнер көрсетті.

Ал өзі келе алмай қалған Дональд Трамп бейне жазбада былай деді: «Жиналған қауым біздің құдай астындағы ұйымдасқан нағыз бір халық екендігімізді көрсетеді және бұл біздің құндылықтарымыз бен бір бірімізге деген адалдығымызды аңғартады» деді.

Zamira Pulatova

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір