• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:07:35
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 NEWS

АҚШ террористердің Сирияда химиялық қару қолданғанын бірінші рет растады

АҚШ-тың мемлекеттік басқармасы «Джебхат ан-Нусрамен»  байланысы бар террористердің Сириядағы Идлиб аймағында химиялық қару қолданғандығын мойындады.

АҚШ-тың мемлекеттік басқармасы «Джебхат ан-Нусрамен»  байланысы бар террористердің Сириядағы Идлиб аймағында химиялық қару қолданғандығын бірінші рет мойындады,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Интерфаксқа сілтеме бере отырып жазады.

Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков америкалық сыртқы саяси өкілдердің Сирияға барудан бас тартуын дәлелге келтіріп айтты.

Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков: «Америка  мемлекеттік басқармасы «Джебхат ан-Нусраның» теракт жасау барысында Сирияда химиялық қарудың қолданғанын алғаш рет растады, алайда бұдан бұрын да біз бұл ақпаратты сан рет айтқан болатынбыз».

Оған қоса, Игорь Конашенков АҚШ мемлекеттік басқармасының Ресей әуе соққылары жөніндегі мәлімдемесін жоққа шығарды.

Ол: «Ресейлік авиация Сириядағы аймақтарға ешқандай да әуе соққысын жасаған жоқ, керісінше, АҚШ коалациясы  ондағы Ракка аймағын жер бетінен жойып жіберді»,- деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір