• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:13:05
+35°

16 Наурыз, 2018 NEWS

АҚШ-та жасөспірім Құран оқыған соң досын бауыздап өлтірген

Жеткіншек достарын олармен бірдей діни көзқараста болмағаны  үшін өлтірген.

АҚШ-тың Флорида штатында жасөспірім Құран оқып, жиһадқа шақыратын видео көргеннен соң қасындағы жолдасын бауыздап тастаған деп хабарлайды Лента.ру.

17 жастағы Кори Джонсон өзінің достары 17 жастағы Кайл Бэнкрофт пен оның 13 жастағы інісі Дэйн Бэнкрофттың үйінде қонған. Белгілі болғандай, сол түні жасөспірімдер таныстарының туған күнін тойлаған. Қылмыскер полицияға 12 наурыз таңғы  4-те  адам өлтіруді қалап оянғанын жеткізген.

Джонсон өзімен бірге алып келген пышақпен 13 жастағы туған күн иесін (Джованни Сиерру) пышақтап, бауыздаған. Қылмыскер  айқайды естіп, көмекке келмек болған балалардың анасына да тап беріп, оған 12 жерінен пышақ сұққан. Анасына көмекке келген досының інісі Дэйнді 32 жерінен пышақтаған.

Полицияны отбасының көршілері шақырған. Туған күн иесі оқиға орнында көз жұмды, 17 жастағы қылмыскер  зардап шекпеді,  анасы және оның екі баласының жағдайы жаман емес.

Мәліметтерге сүйенсек, жеткіншек достарын олармен бірдей діни көзқараста болмағаны  үшін өлтірген. Кори Джонсонның айтуынша, туған күн иесі (Джованни Сиерру) танымал адамдарды құдайға теңегендіктен, ал Дэйн Брэкфорд дінін кемсіткені ол үшін қатты қорланған. Сонымен бірге, қылмыс жасағанға дейін жеткіншектің Құран оқып, жиһадқа шақыру видеосын көргені белгілі болды.

Бұған дейін жеткіншек «ДАИШ» террористік ұйымымен байланысқа шығуға тырысқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір