• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:03:16
Алматы
+35°

10 Наурыз, 2018 Оқиғалар

АҚШ-та қылмыскер мен ол кепілге алған адамдар өлі күйінде табылды

Қарулы ер адам  ардагерлер орталығында кем дегенде 3 адамды кепілге алған.

АҚШ-тың Калифорния штатында Янтвилл қаласында 9 наурызда  қарулы ер адам  ардагерлер орталығында кем дегенде 3 адамды кепілге алған.

Нәтижесінде кепілге алынған 3 әйел адам қаза тапты. Қылмыскердің өзі де көз жұмған. Бұл туралы CNN хабарлайды. 

Күдікті 8 сағат бойы байланысқа шықпағаннан кейін бөлмеге арнайы топтың сарбаздары кірген. Олар ер адам мен кепілдегі 3 әйелдің жансыз денесіне тап болған. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Аталған ардагерлер орталығы қаладағы ең ірі орталықтардың бірі. Онда Екінші дүниежүзілік соғыс пен Вьетнам мен Иракта соғысқан ардагерлер тұрып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір