• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:14:27
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Әлеумет

АҚШ-та оқушыларға берілген үй тапсырмасы ата-аналардың наразылығын тудырды

4-сынып оқушыларына құлдықтың үш жақсы қасиетін жазып келу жайында үй тапсырмасы берілген.

Америкалық Висконсин штаты Милуоки қаласындағы мектептердің бірінде 4-сынып оқушыларына құлдықтың жақсы тұстарын жазып келу жайында үй тапсырмасы берілген. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқушылардың бірінің анасы өзінің Фейсбуктегі парақшасына аталмыш тапсырмаға байланысты ұлының жазғанын бөлісті: «Мен құлдықтың жақсы қасиеттері бар деп ойламаймын. Сол себепті ештеңе жазбаймын. Ал жамандықтарына келер болсақ, құлдарды ұрып-соғады, отбасынан ажыратады», - деп жазылған.

Соңында оқушы өзінің қара нәсілді екеніне мақтанатынын да жазып өткен. «Біздің қара нәсілді екенімізге мақтанамын, себебі біз батыл әрі күштіміз».

Басылымының мәліметінше, оқушылардың көбі бұл тапсырманы орындаудан бас тартқан.

Мектеп басшылығы да тапсырманың орынсыз екенін айтып, ата-аналардан кешірім сұрады. «Тапсырманың мақсаты оқушылар арасында дискуссия ұйымдастыру болған», - деді мектеп директоры.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір