• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:21:17
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2018 NEWS

АҚШ-та оқып жүрген Қазақстан азаматы көз жұмды

Лос-Анджелесте тұрып жатқан қазақстандықтар марқұмның туысқандарына қаражат жинап беріп жатыр.

АҚШ-та қазақстандық Даиыр Сағдиев қайтыс болды. Ол Лос-Анджелестің Калифорния университетінде оқыған, деп хабарлайды Today.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Өкінішке орай UCLA студенті Даиыр Сағдиев қайғылы жағдайда көз жұмды. Даиыр биоинженерия факультетінің үздік студенті болды. Дарынды тарихшы, түркітанушы болды, бірнеше тілде еркін сөйлей білді, тарихи кітаптарды француз тілінен аударды", – деп жазды марқұмның танысы Әсет Шәтеков Facebook желісіндегі парақшасына. 

Даиыр Сағдиевпен қоштасу рәсімі 5 наурызда UCLA мен Pierce Brothers Westwood Village Memorial Park-тың қасында, жергілікті уақыт бойынша 13:00-де өтеді. 

Лос-Анджелесте тұрып жатқан қазақстандықтар марқұмның туысқандарына қаражат жинап беріп жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір