• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:25:38
Алматы
+35°

03 Ақпан, 2018 Әлем

АҚШ Ресеймен және Қытаймен болуы мүмкін соғыстың сценарийін айтты

«Ресеймен жерде де, әуеде де соғысуымыз мүмкін. Алайда әскери-теңіз күштері маңызды рөл ойнайды».

АҚШ генералы Пол Сельва АҚШ-тың  Ресеймен және Қытаймен болуы мүмкін соғыстың сценарийін атады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жақында АҚШ, Ресей және Қытай арасындағы бәсекені мойындайтын стратегия халықаралық қатынастарда үстемдік етеді. Сол себепті Пентагон Мәскеумен және Бейжіңмен болуы мүмкін жанжалдың сценарийін құрастырып жатыр.

«Соңғы он жылда әлем жұртшылығы Қытайдың дүние жүзіне, ал Ресейдің Азия мен Еуропаға тигізіп жатқан ықпалын бақылаумен келеді. АҚШ екі елмен де қақтығысқа түскен», - деді Пол Сельва.

Оның айтуынша, егер бұл мемлекеттер арасында ешқандай жанжал болмаса, әлемді «қалыпты сауда» билейтін еді, алайда қазір жағдай ушығып тұр. Генерал 2018 жылы Ресейдің Грузиядан екі аймақты тартып алғанын, 2014 жылы Қырымды аннексиялағанын және Сирия президенті Башар Асад режимін қолдауды жалғастырып келе жатқанын еске салды.

Ал Қытай Оңтүстік Қытай теңізінде жасанды арал салып, территориялық талабын күшейтіп отыр.

«Ресей, Қытай және АҚШ арасында бұған дейін де қақтығыс болған, әлі жалғасатыны анық. Ұлы державалардың бұл кикілжіңі әлем экономикасындағы біріншілік үшін таластан туған», - деді Сельва.

АҚШ генералының пікірінше, ұлы державалардың күресі әлі бірталай жылға созылуы ғажап емес. Ол АҚШ пен Ресей соғысқан жағдайда екі жақ та барлық күшін жұмылдыратынын айтты.

«Ресеймен жерде де, әуеде де соғысуымыз мүмкін. Алайда әскери-теңіз күштері маңызды рөл ойнайды. Себебі Ресей мен Еуропаға үлкен күштерді тек Солтүстік Атлант ағысы арқылы ғана жіберуге болады. Алайда шайқастың көбі жер бетінде жүреді», - деп түсіндірді генерал соғыс сценарийін.

Бірнеше күн бұрын Пентагон қабылдаған стратегияға сәйкес, АҚШ Қытай мен Ресейді басты қарсыластары деп таныған, тек екі елмен бір уақытта соғыс жүргізуге елдің ресурс қоры жетпейді.

Былтыр тамыз айында америкалық National Interest журналы державалар арасындағы жаһандық қақтығыстың тағы бір нұсқасын келтірген. Басылым  Ресеймен және Қытаймен соғысса, АҚШ-тың түбі жеңіске жететінін жазған. Кем дегенде, жеңіске бір табан жақындайды.

«Бұл факт Ресей мен Қытайдың саяси ойындарға деген құмарлығын тізгіндейді. Американың әскери қуаты орасан және ол тарихтағы ең мықты әскери одақты басқарып отыр. Мәскеу мен Бейжіңнің қолынан келетіні – ұса-түйек мәселе тудыру ғана, Америка ол қиындықтарды азғантай актив бөліп шеше салады», - делінген америкалық басылым таратқан ақпаратта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір