• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:57:15
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2018 Әлем

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция жарияламақ

Жаңа санкцияға Сирия президенті Башар Асадқа техника жеткізетін және химиялық қаруға қатысы бар барлық компания кіреді.

АҚШ-тың қаржы министрлігі 16 сәуірде Ресейге қарсы жаңа санкция жарияламақ. Бұл жөнінде БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли CBS News арнасына берген сұхбатында айтты.

Жаңа санкцияға Сирия президенті Башар Асадқа техника жеткізетін және химиялық қаруға қатысы бар барлық компания кіреді.

Хейлидің мәлімдеуінше, АҚШ Ресей тарапына қатаң ескерту жасады. «Олар құлақ асады деп үміттенеміз», – деді БҰҰ жанындағы АҚШ өкілі.

Ресейдегі АҚШ елшісі Джон Хантсман РФ сыртқы істер министріне жаңа санкциялар дайындап жатқаны жөнінде хат жібергенін 15 сәуірде «Коммерсант» газеті жариялады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір