• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:32:03
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2018 Оқиғалар

АҚШ, Қазақстан, Жапония мен Бурятия келіндері моңғол шайын әзірледі (видео)

Сүүтэй хийцтей цай – моңғолдық дәстүрлі шай. Оны көк шай, сүт, май, тұз, арпа ұны, қақталған ет және күріш қосып дайындайды.

Моңғол телеарнасында көрсетілетін «Манай бэр» («Біздің келін») телешоуына қатысушы келіндерге берілген ең алғашқы тапсырма – моңғолдық «хийцтей цай» шайын дайындау болды, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ARD сүйеніп жазады.

Сүүтэй хийцтей цай – моңғолдық дәстүрлі шай. Оны көк шай, сүт, май, тұз, арпа ұны, қақталған ет және күріш қосып дайындайды. Сүүтэй хийцтей цайды дастарханда еттен жасалған тағам көп кезде күніне бірнеше рет ішеді. Мұндай шай сорпаның рөлін атқарады десе де болады.

Бұл тапсырманы қатысушылардың барлығы мұқият орындап, тіпті жапондық және америкалық келіншектер де буряттық пен қазақ келінінен кем түспеді.

цай

Ханна Максум және Мина Тамура отбасыларынан және әділ қазылар алқасынан мадақтаулар естіді. Шығыс әйелі ретінде Мина үлкендерді құрметтейтінін, олардан көптеген нәрсе үйренгенін айтты. Ол моңғол тағамдарын дайындауды біледі және сүүтэй цайды күйеуінің әжесінен үйренген екен.

Тұрсын Сатқанова болса, моңғол салт-дәстүрін білетіндігін және Тәңірге сүүтэй шайды сыйға тарту салтын білетіндігімен бөлісті.

Ханна есімді америкалық келіншек борцтой сүүтэй цайды кепкен етпен жасады. Шайдың көптеген түрі бар, соның ішіндегі борц ұзын жолақ етіп кесілген және ашық ауада  сүрленген ет. Ол әзірлеген шайдың дәмін татқан әділ қазылар Ханнаны «нағыз моңғол келіншегіне» айналғанын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір