• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:42:00
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2018 NEWS

АҚШ пен Ресей арақатынасы соңғы уақытта одан ары бұзылды

Ресейдің экономикалық және әлеуметтік жағдайы тым мүшкіл, сондықтан Ресей бізге шабуылдамас

АҚШ-тың соңғы санкциялары Ресей алпауыттарының бизнесінің қатты шайқалтқаны белгілі: акциялар мен рубль курсы тағы да құлады.Әрине, осыдан былай Ресей дереу құрдымға кетпейді. Ресей олигарх-алпауыттары өз бизнестері мен акцияларымен мемлекет есебінен қалпына келтіреді, ал Ресей бюджетінің орталануы орыс халқының тұрмысын төмендетеді .

Бүгінгі күні Ресей орысы Путинді әлі қолдайды. АҚШ-пен бірге Ұлы Британияның Ресейге деген көңілі бұзылды.Орыс барлаушысы Скрипаль және оның қызына жасалған қастандықтан кейін Ресей мен Ұлы Британия арақатынасы одан сайын бұзылды. Европалық Одақ пен Ресей қатынасы мәз емес, оған Ресейдің Украинаға 2014 жылғы Қырым аннексиясы мен Шығыс Украинаға агрессиясы әсер етті. Украина-европалық мемлекет, соғыс Европаға келді, украин босқындары Польша мен Германияда қаптап жүр. Бірақ Германия мен Ресей экономикалық қатынасы әлі құлаған жоқ. Бірақ Ресей Сириядағы әскери операциясында Башар Асадты қолдайды, демократиялық оппозиция Башар Асадқа қарсы соғысып келеді, екінші рет химиялық қару қолданған, бейбіт тұрғындар арасында шығын бар.Бұл жағдайлар Европа мен Ресей арасының шырқын бұзып келеді. Екінші Қырғи қабақ соғысын 2007 жылы бастаған.Бірінші Қырғи қабақ соғысы 1946-1991 жылдары болып, КСРО-ның ыдырауымен аяқталды. Екінші Қырғи қабақ соғысы Ресейдің ыдырауымен аяқталады. Біздің еліміз - Қазақстан Путиннің авантюрасына қатыспады. Ресейдің экономикалық және әлеуметтік жағдайы тым мүшкіл, сондықтан Ресей бізге шабуылдамас.

Әзімбай Ғали

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір