• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:47:48
Алматы
+35°

11 Тамыз, 2017 Саясат

АҚШ пен КХДР арасындағы текетірес биржа қорының құлауына әкеліп соқты

АҚШ президенті Трамптың Пхеньянға қатысты соңғы мәлімдемесі нарық қатысушыларының үрейін туғызды.

АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы әскери-дипломатиялық қақтығыстардың өршуі салдарынан қор биржасының үш күннен бері төмендеуі байқалады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бейсенбі күні Dow Jones Industrial Average жетекші индексі соңғы үш айда ең үлкен тоқырауға ұшырады.

АҚШ президенті Трамптың Пхеньянға қатысты соңғы мәлімдемесі нарық қатысушыларының үрейін туғызды. Егер Пхеньян Америка мен елдің одақтастарына шабуыл жасауды жоспарласа, Дональд Трамп жағдайдың ушығуы мүмкін екенін, Солтүстік Кореяның үлкен келеңсіздікке ұшырайтынын ескерткен.

Оның үстіне бейсенбіде Brent маркасындағы мұнай бағасы бір баррель үшін 52,54 долларға дейін төмендеген.

Айта кетейік, Пхеньян Тынық мұхиты жағалауындағы Гуам аралында орналасқан америкалық әскери базаға соққы жасау жоспары жайында хабарлаған. Жоспар бойынша соққы беру тамыздың ортасына жоспарланған.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір