• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:34:17
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 NEWS

АҚШ-та 40-тан астам конгрессмен рохинджа мұсылмандарына көрсеткен қысымдары үшін Мьянмаға санкциялар салуды ұсынды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Біз Бирма аумағында қамалған немесе еліне қайтпақ ниеттегі адамдардың қауіпсіздігі үшін қолымыздан келгенінің бәрін жасаймыз», - деп келтірді Рейтер агенттігі АҚШ билігінің хабарламасын.

Бұған дейін АҚШ Мьянманың әскери билігіне қарсы санкциялар қолданған еді. Кейін бұл елдің демократия жолындағы қадамдарын байқаған ресми Вашингтон құжаттың күшін жойған болатын. Енді конгрессмендер сол құжаттарды қайта күшіне енгізуді талап етіп отыр. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның дерегі бойынша, Бангладешке тамыздың соңынан бастап Мьянмадан 500 мыңнан астам босқын бас сауғалап келген.

Рохинджа халқы тұрып жатқан аймақтағы жағдай бұлыңғыр. Өйткені ол жерлерге бұқаралық ақпарат құралдары мен халықаралық ұйым өкілдеріне кіруге жол жоқ. Құқық қорғаушылар рохинджалықтардың өліміне Мьянма билігі кінәлі деп айыптаса, мьянмалық үкімет, керісінше, гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр деп ағынан жарылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір