• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:18:07
+35°

16 Мамыр, 2017 IT

Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ескертеді

Бірнеше күннің ішінде әлемді әбігерге салған Wanna Cry  вирусы Қазақстанға да қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар...

Бірнеше күннің ішінде әлемді әбігерге салған Wanna Cry  вирусы Қазақстанға да қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ескертеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

Вирус шабуылынан соң әлем елдері түрлі шаралар қабылдай бастады. Ұлыбритания үкіметі киберқауіпсіздікті күшейтуге қосымша 64 миллион доллар бөлуге шешім қабылдады. Ақ үйде бұл мәселе екі рет талқыланды. АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік департаменті азаматтарға операциялық жүйелерді жаңартуға кеңес берген болатын. Ресми дерек бойынша, Қазақстандағы ірі компаниялардың компьютерлері шабуылдың құрбаны болды.

Зиянды бағдарлама Windows операциялық жүйесімен жұмыс істейтін барлық компьютерді зақымдайды. Вирус төрт күннің ішінде әлемнің түкпір-түкпірінде 10 мыңнан астам компьютерді бұғаттап үлгерді. Алдымен, деректерді жарамсыз етеді. Алаяқ хакерлер оны ашу үшін есепшотқа қомақты қаржы аударуды сұрайды. Ақша төленбесе, файлдар мүлдем жойылуы мүмкін. Талдау жұмыстарының нәтижесінде әлеуетті қауіп-қатерлердің бірнеше көрсеткіштері, соның ішінде ОЖ-да орнату, типтік емес желі белсенділігі, ОЖ модификациясы және қолданушылар дерегі мен прокси-белсенділік табылды. Барлық құқықтар қорғалған.

Бұған дейін де киберқауіпсіздік саласының мамандары бүгінде WannaCry вирусынан миллионнан астам компьютер зардап шегуі мүмкіндігін ескерткен еді. Еуропол директоры Rob Wainwright жұма күні Әлем бойынша кибершабуылдан 150 елде 200 мың компьютердің зардап көргенін, бұлардың көбі жұмыс орнындағы, кейбірі үлкен компаниялардың компьютерлері екенін мәлімдеген. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір