• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:56:48
+35°

16 Ақпан, 2018 Саясат

Ақордада ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті

Негізгі баяндамаларды О.Оразалин, А.Балаева, Д.Абаев, А.Мұхамедиұлы жасады.

16 ақпанда Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы  Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кеңестің жұмыс күн тәртібі мемлекеттік органдардың республикалық және өңірлік деңгейлерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі қызметінің нәтижелерін талқылау мәселелерін қамтыды.

Ә.Жақсыбеков өз сөзінде бағдарламаны іске асырудың жаңа кезеңінде осы қарқыннан танбай, келешектің айқын көрінісін анықтап алудың маңызды екенін атап өтті.

Негізгі баяндамаларды О.Оразалин, А.Балаева, Д.Абаев, А.Мұхамедиұлы жасады.

Бейнеконференцбайланыс режимінде Алматы және Атырау облыстары басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия төрағасы бағдарламаның іске асырылу барысы Мемлекет басшысының тарапынан ерекше бақылауда екеніне, сондай-ақ барлық жоспарланған жобаларды сапалы іске асырудың және олардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне тұжырымдамалық сәйкес болуының қажеттігіне баса көңіл бөлді.

Өңірлер басшыларына бағдарламаның барлық бағыттары бойынша жұмысты жандандыру, соның ішінде «Қазақстанның киелі географиясы», «Туған жер» жобаларының іске асырылуын ерекше бақылауға алу, өлкетануды дамытуға және жергілікті шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір