• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 04:47:22
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2018 Аймақтар

Ақорда маңындағы шам бағанасына әйелді шынжырмен матап қойған (фото)

14 ақпанда Астанада ҚР Президенті әкімшілігінің маңында наразылық акциясы өтті.

14 ақпанда Астанада ҚР Президенті әкімшілігінің маңында наразылық акциясы өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жергілікті БАҚ-ң хабарлауынша, наразылыққа қаланың үш тұрғыны қатысқан, олар: Владлен Цой, Шолпан Айтбаева және Любовь Ерубаева, олармен бірге ШҚО тұрғыны Кенжеғайша Рахимбаева да болған.

наразылық акциясы

Наразылық акциясы барысында В. Цой К. Рахимбекованы  шам бағанасына байлап қойған. Олар осылайша, қылмыс жасап, түрмеге қамалған балаларын шығарып алмақ үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың назарын аударғысы келген.

Нақтылап айтсақ, К. Рахимбекованың ұлы есірткі таратқаны үшін тұтқындалған болса, Ш. Айтбава алаяқтық үшін сотталған күйеу баласы мен қызының бостандығы үшін және В. Цой шенеуніктердің өз бизнесін тартып алғаны үшін наразылық білдіруге шыққан.

наразылық акциясы

Акцияға қатысулар тергеу барысындағы заң бұзушылықтар мен мемлекеттік органдардың мәселенің анық-қанығына жетуде немқұрайлықпен қарағанына, дәлелдерге мән бермегендіктеріне налыған.

Аз уақыттан соң, тарқағысы келген оларды омон қызметкерлері ұстап, автобусқа салып әкеткен.

Бұл әрекеттен кейін, К. Рахимбекова оларды әуелі Астана Есіл аудандық ІІБ -ға, соңынан әкімшілік сотқа жеткізгенін айтып берді. Алайда Ш. Айтбаева өзін нашар сезінгендіктен, оны жедел жәрдем қызметімен ауруханаға алып кеткен.

наразылық акциясы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір