• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:41:59
Алматы
+35°

14 Маусым, 2018 Экономика

Ақышев екінші дәрежелі банктердің жағдайы туралы айтып берді

Эксимбанк, Банк Астана және Qazaq Bank-і үлкен қиындықтарды өткеріп жатыр, сондықтан банктің клиенттер алдындағы мiндеттемелердi орындау уақытша шектелді.

Ұлттық Банк  екінші деңгейлі банктердің ахуалын тұрақтандыруға бағытталған шараларды әзірлеу үшін Эксимбанк, Астана Банкі және Qazaq Banki басшыларымен, акционерлерімен келіссөздер жүргізіп жатыр,  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді

Аталған үш банктің жаңа депозиттерді қабылдауға арналған лицензиясы мен жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу клиенттер алдындағы міндеттерін уақытында орындамағаны үшін үш ай мерзімге тоқтатылды. Эксимбанк, Банк Астана және Qazaq Bank-і үлкен қиындықтарды өткеріп жатыр, сондықтан банктің клиенттер алдындағы мiндеттемелердi орындау уақытша шектелді.

«Банктердің лицензияларын тоқтату секілді ағымдағы жағдайдың негізгі себебі банктердің несие портфельдерінің сапасының төмендігінен. Әдетте, проблемалық банктер жақсы несие бермейді. Кредиттік портфель өсімінің капиталды базаның нығаюына қатысы жоқ. Тәуекелдерді басқару стандарттары және корпоративтік басқару деңгейі жоғары дей алмаймыз, ал несие портфелінің сапасы өте төмен болып қалады »- деді Ақышев.

«Қазіргі уақытта біз Эксимбанк, Астана Банкі, Qazaq Bank-інің қаржылық жағдайын бақылап отырмыз. Жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды әзірлеу үшін банктердің басшылары мен акционерлерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді ол.

Қорытындылай келе, Ұлттық банк басшысы депозиттерді қабылдау үшін ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы бар екінші деңгейлі банктері депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатынын еске салды.

«Депозиттер, төлем карточкаларындағы ақшалар және жеке тұлғалардың банктік шоттары депозиттерге кепілдік беру жүйесі арқылы 10 млн. теңгеге дейін сақтайды», - деп атап өтті ҚР Ұлттық банкінің басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір