• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:36:51
Алматы
+35°

17 Қараша, 2017 Аймақтар

Ақылбек ШПИКПАЕВ. Цифрландыру – жетістік кепілі

Оқу тақырыбы – «Топография-геоде­зия және картография өндірісіне заман­ауи цифрлы технологияларды енгізу».

Мемлекетті басқарудың тиімділігі, оның экономикалық және әлеуметтік дамуы, қорғанысы мен қауіпсіздігі көпте­ген жағдайларда геодезиялық және карто­гра­фиялық материалдардың өзектілігі мен дәлдігіне тәуелді болады. 

Тиімділігі жо­ғары геодезиялық және картографиялық қам­тамасыз ету жүйесін және кеңістік деректерінің инфрақұрылымын жасамай бұл міндеттерді шешу мүмкін емес әрі бұлардың дамуы өзара тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару коми­теті­нің «Қазгеодезия» РМҚК респуб­ликаның аумағын жергілікті жерлер­дің заманауи жағдайына сай келетін топографиялық-геодезиялық және кар­тографиялық өнімдермен қамта­масыз ету мақсатында Үкімет қау­лысымен 2010 жылы құрылды. РМҚК және еліміздің түрлі өңірлерінде ор­наласқан 8 филиалы өзінің өндірістік әлеуеті, жоғары білікті мамандары мен техникалық жарақтануы, орын­далатын цифрлы аэротүсірілім, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыс түрлері бойынша геодезия және картография саласындағы ең ірі кәсіпорын.  

Президентіміздің Жолдауына сәйкес кәсіпорында жаңғырту жос­пары әзірленді, оның негізгі міндеті жоғары технологиялы, бәсекелестікке қа­білетті және инвестициялық жағы­нан тартымды компанияны дамыту болып табылады.  

Мемлекетті тиімді басқару, оның экономикалық және әлеуметтік дамуы, қорғаныс және қауіпсіздігі өзекті және жоғары дәлдіктегі  геодезиялық және картографиялық материалдарды қажет етеді. Заманауи сатыда бірде-бір сала жергілікті жердің картасы, жоспары және басқа да картографиялық ақпараттарсыз жұмыс істей алмайтынын сеніммен айта аламыз. 

Біздің мекеме жұмысының нәтижесі де сол дәл, өзекті және заманауи картографиялық және геодезиялық материалдар дайындау болып табылады. 
Бүгінде біз өз жұмысымызда шұғылдылықты, дәлдік пен сапалы мәліметтер алуға мүмкіндік беретін жоғары дәлдіктегі геодезиялық және аэротүсірілімдік құрылғыларды пайдаланамыз. 

Жан-жақты цифрландыруға көшіп жатқан ғасырда «Қазгеодезия» РМҚК да уақытпен бірге қадам басып келеді. Кәсіпорын толығымен заманауи цифрлы технологияға ауысты, бұл барлық жұмыс түрлерін табысты орындауға мүмкіндік береді. Цифрлы технологиялар мәселелердің шешімін тапты, ақпараттарды жылдам және сенімді дайындау, ауыстыру және сақтауға болатын болды. Цифрлы аэротүсірілім және оның материалдары бойынша цифрлы топографиялық жоспарлар мен карталар жасаудың заман­ауи тәсілі игерілді және енгізілді. Мұның негізгі ерекшелігі сонда – цифрлы аэротүсірілімнен бастап дайын өнім – цифрлы топографиялық жоспарды жасауға дейінгі барлық технологиялық тізбекті бір кәсіпорын орындайды, бұл өз кезегінде жұмысты біріздендіріп, еңбектің сапасы мен өнімділігін арттырады.

РМҚК өз қаражаты есебінен мате­риалдық-техникалық база­сын заманауи геодезиялық құрал­дар­мен, компьютерлік және арнайы бағ­дар­ламалық қамтамасыз ету өнім­­дерімен, сондай-ақ арнайы мақсат­тағы көліктермен жаңартып алды.  

Өндірісті жаһандық жаңғырту және цифрландыру шеңберінде «Қазгеодезия» РМҚК жаңа уақыт талаптарына сай өндірістің мынадай негізгі бағыттарын дамытуда: GPS Navstar және ГЛОНАСС деректерін пайдалана отырып жоғары дәлдікті жерсеріктік позициялау, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып әуеден лазерлі сканерлеу, ғарыш аппараттарынан Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану, ішкі су айдындары түбі мен жағалау маңы қайраңының топографиялық карталарын жасау бойынша гидрографиялық жұмыстар (Батиметриялық түсірілім), географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ), кеңістік деректерінің ақпараттық базасын жасау, 3D модельдеу және 3D карталар жасау. 

Дегенмен мемлекеттік спутниктік геодезиялық желіні жаңартпай бұл бағыттарды дамыту мүмкін емес. Себебі Қазақстан Республикасының КСРО-дан мұраға қалған мемлекеттік геодезия желісі моральдық қана емес, физикалық жағынан да ескірді, сонымен бірге СК-42 координаттар жүйесінде гриф болғандықтан геодезиялық және картографиялық және экономика мен өндірістің түр­лі саласы туралы мәліметтер алуды қиын­датады, мемлекеттік емес құры­лым­дардың, заңды және жеке тұлға­лардың, шетелдік инвесторлардың оған қолжетімділігін тежейді. Бұдан бөлек, геодезияда қалыптасқан технологияларды пайдалану оның жұмысын қымбаттатып жібереді. 

Ресейді қоса алғанда Австралия, Австрия, Канада, АҚШ, Франция ГФР, Швейцария және басқа бірқатар елдер 1990- жылдардан бастап  спутниктік, телекоммуникациялық және  геоақпараттық технологиялар­ды пайдалана отырып бірыңғай ұлт­тық геодезиялық жүйелер кеңістігіне көшу арқылы өздерінің геодезия же­лісіне түбірімен жаңғырту жасады.

Осыған байланысты 2017-2020 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақ­стан» мемлекеттік бағдарламасына «Мемлекеттік спутниктік геоде­зия­лық желі жасау және Қазақстан Рес­публикасы мемлекеттік гео­де­зиялық желісін жаңғырту» жобасы енгізілді. Бұл жобаның мақ­саты − жаһандық навигациялық спутниктік жүйені енгізу арқылы республикамыздың мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту. Жоба Қа­зақстанды жоғары дәлдікті спутниктік позициялау саласында дамудың жаңа деңгейіне шығаруға және координаттардың ұлттық жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Осыған орай Қазақстан Республикасы осы заманғы автоматтандырылған және жоғары дәлдіктегі геоде­зия­лық жүйеге ие бола отырып, Қазақ­стан Республикасының кеңістік­тік мәліметтерінің Ұлттық инфрақұ­ры­лымын жасауға кірісе алады.

 Осы жоба ел масштабында алғаш рет іске асырылып отырғандықтан, «Қазгеодезия» РМҚК мамандары оқытылып шықты, оның нәтижесінде қанатқақты жоба жасалды – бес референц стансадан тұратын жеке спут­ник­тік геодезиялық желі, олардың деректерін әзірге тек цифрлы аэро­түсі­рілім өндірісінде және шартты жұ­мыстарды орындау кезінде стати­калық режімде пайдаланып отырмыз.    

«Қазгеодезия» РМҚК-нің осы­ған балама жұмыстарды жүзеге асы­руда өз тәжірибесі бар. 2012 жыл­дан бастап 2014 жыл бойына кәсіп­орын басқару үдерісін автоматтан­дыру арқылы әуе кемелерінің қауіп­сіз ұшуын қамтамасыз ету мақсат­ында еліміздің 20 әуежайында Бүкіл­­әлем­дік геодезиялық координаттар жүйесі – 1984 (WGS-84) енгізу жұмыс­тарын орын­дады. Бұл жұмыстар Ха­лық­ара­лық азаматтық авиация ұйымы (ІСАО) тарапынан жоғары бағасын алды. 

Жеке аумақтарды түсіруге ар­налған аэрофототүсірілімнің дәстүрлі тәсілдерінен басқа ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып түсіру мүмкіндіктері қарастырылуда. БПЛА көмегімен аэрофототүсірілім жасау жүйесі әрдайым жетілдіріліп және дамытылып отыр, бүгінгі таңдағы жаңа бағыттардың бірі БПЛА пайдалана отырып әуеден лазерлі сканерлеу болып табылады. 

Әуеден лазерлі сканерлеу технологиясы мұнай-газ саласында, құрылыста, электр энергетикасында, археологияда, сондай-ақ түрлі маңыздағы жолдарды қайта жаңарту және жөндеу кезінде белсенді қолданылады. Әуеден лазерлі сканерлеу тәсілін «Қазгеодезия» РМҚК WGS-84 азаматтық авиацияға енгізу кезінде әуежайдың бақылау нүктесінен 15 шақырым радиустағы әуе кемесінің ұшуына кедергі кел­тіретін нысандарды анықтау кезінде қолданды.   

Кәсіпорын мамандары осы қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай кеңістік деректерін алу және цифрлы топографиялық карталарын (жоспарларын) жасау үшін шетелдік компаниялардың тәжірибесін мысалға ала отырып ALS80, RIEGL VQ-1560i, HawkEyeIII және RIEGL VQ-880-G сканерлерімен әуеден лазерлі сканерлеу тәсілін пайдаланудың жаңа мүмкіндігін зерттеуді жалғастыруда. LeicaGeosystems компаниясы әлемде алғаш рет аэрофототүсірілімнің 4 иілгіш камерасы және 1 надир камерасы бар CityMapper ауқымды әуе сенсорын, сондай-ақ қалалық картографиялауға арнап жасалған   LiDAR  жүйесін жасап шығарды.  

3D жұмыс істеу пайдаланушылар үшін маңызды нәрсе, өйткені біздің әлеміміз жалпақ емес және көптеген міндеттер талдауға тек z-координатын қосқанда ғана табысты шешілуі мүмкін. Әуеден лазерлі сканерлеу пайда болғаннан кейін біздің кәсіпорын да көптеген компаниялар сияқты 3D-моделдеу – кеңістіктегі объектінің көзге көрінетін көлемді образын әзірлеу, яғни тек көлемді суретті қарап қана қоймай суретпен бірлесіп әрекет ету мүмкіндігін алу үшін әуеден лазерлі сканерлеу мен аэрофототүсірілім үдерістерін біріктіруге қызығушылық танытты. 

Қазіргі таңда «Қазгеодезия» РМҚК барлық масштаб қатарындағы цифр­лы мемлекеттік топографиялық карталарды бір уақытта жаңарта отырып жасау үшін «KazEOSat-1» отандық ғарыш аппаратымен (ҒА) жоғары мүмкіндігі бар ғарыштан түсіру материалдарымен жасалған жұ­мысты қолдана отырып Жерді қашық­тықтан зондтау (ЖҚЗ) дерек­терін картография өндірісіне енгізуде. 

Саланы дамыту бағыттарының бірі теңіз деңгейін игеру және зерттеу болып табылады. Осы мақсаттар үшін «Қазгеодезия» РМҚК 600 метр­ге дейінгі тереңдіктегі ішкі су ай­дын­дарының, қайраңның топографиялық карталарын, сондай-ақ цифрлы теңіз навигациялық карталарын жасауға мүмкіндік беретін RESON фирма­сының «SeaBat 7125 SV» цифрлы батиметриялық жүйесін қолданып отыр. Батиметриялық түсірілім арқы­лы су түбінің рельефі мен су балшық­тық шөгінділердің қалыңдығы туралы цифрлы деректерді алуға болады. RESON «SeaBat 7125 SV» жүйесі дәлдігі мен батиметриялық түсі­рілімді орындау өнімділігі бойынша заманауи баламаларынан кем емес.      

Айта кету керек, геодезиядағы осындай инновациялық технологиялар кез келген күрделілік деңгейіндегі объектілерді зерттеу жағдайын жылдам және тиімді бағалауға мүмкіндік беретін ауқымды қасиеттерге ие.   

Кәсіпорынды дамытудың негізгі бағыты топографиялық-геодезиялық және картографиялық өндіріске ГАЖ енгізу және дамыту болып табылады. Осы бағыттағы алғашқы қадам цифрлы форматқа ауысу кезінде жасалды. Цифрлы карталар пайда болғаннан бастап «геоақпараттық жүйе» (ГАЖ) термині пайда болды.  

Топографиялық-геодезиялық жә­не картографиялық өндіріске инно­ва­циялық технологияларды енгізу мақ­сатында кәсіпорында 2017 жылы кеңістік деректері инфрақұры­лы­мының қанатқақты жобасы жасалып жатыр. ГАЖ-дың айрықша ерекшелігі әрбір кеңістік объектісінің максималды ақпараттылығын қамтамасыз ету болып табылады.  

ГАЖ-дың құрамдас бөлігінің бірі 2D картадан 3D модельге ауы­су болып табылады. ГАЖ қалыптас­тыру шеңберінде «ArcGIS» мамандан­дырылған бағдарламасын игеру, сондай-ақ қалалардың 3D моделін жасау жұмыстары жүргізілуде.  «Қаз­геодезия» РМҚК мамандары ГАЖ 3D модельдеу енгізу үшін тек үздік шетелдік тәжірибелерді зерттеп жат­қандығын ерекше айта кету керек.      

Өндірісті цифрландыру бастал­ғалы «Қазгеодезия» РМҚК мамандары оқып, өздерінің біліктіліктерін арт­тырып жатыр, кәсіпорын ішінде де, одан тысқары шығып та, Ресей Фе­де­рациясының ЖОО-да – Қазан Феде­­ралды университеті, Сібір мем­­ле­кет­тік геожүйе және техноло­гия уни­верситеті, Геодезия және кар­­то­графия орталық ғылыми-зерттеу инс­титуты (Мәскеу) және Берн уни­­вер­­ситетінде (Швейцария) білімін же­­тіл­діруде. Сондай-ақ кәсіпорынға түрлі бағыт­тағы мамандар шақыртылып, семинарлар өткізіліп тұрады.    

Ағымдағы жылы ЖОО ұстаздары мен басқа елдердің мамандарын тартып ірі ауқымды тренингтер өткізу жос­пар­лануда. Тренингтер кәсіпорын база­сында Астана, Алматы және Тараз қалаларында өтетін болады. Оқу тақырыбы – «Топография-геоде­зия және картография өндірісіне заман­ауи цифрлы технологияларды енгізу».  

Қорытындылай келе, «Қаз­гео­дезия» РМҚК барлық батыл жоба­ларды іске асыруға дайын және «Цифр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы міндеттеріне жауап бере алатын мақсаттарға қол жет­кізетін геодезия және картография саласының көшбасшысы деп толық сеніммен айта аламын.

Ақылбек ШПИКПАЕВ,
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті «Қазгеодезия» РМҚК бас директоры, «Құрмет» орденінің иегері . 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір