• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:54:08
Алматы
+35°

06 Шілде, 2018 Аймақтар

Ақ Жайықта  «Жастар»  стадионы ашылды

Аманжол Исмағұлұлы жастар стадионына 10 коньки мен 10 допты сыйға тартты.

Орал қаласындағы  күрделі жөндеуден өткен жастар стадионы Елорданың 20  жылдық мерекесі қарсаңында салтанатты түрде ашылып,  тұрғындардың  игілігіне  берілді.

Халықаралық стандартқа сай салынған стадионның  аумағы 7900 шаршы метрді құрайды. Алаңға жасанды газон төселіп, жастар мен жасөспірімдердің футбол ойнауына жағдай жасалған. Ал қыс мезгілінде мұнда мұз төселіп, көпшілік сырғанау мен допты хоккей ойнауға мүмкіндік беріледі. Ашық  мұз айдынында хоккейшілер   +10 градуста да емін-еркін жаттыға  алады.

  • Елбасы  халыққа арнаған әр Жолдауында  бұқаралық  спортпен  тұрақты айналысу ұлт денсаулығының ажырамас бөлігі екенін айтып келеді. Спорттың инфрақұрылымын дамыту мақсатында өңірімізде бірқатар жұмыстар атқарылды. Айта кетсек, соңғы екі жылдың ішінде Орал қаласында 50 аула абаттандырылып, 20 спорт алаңы салынды. Былтыр Ақсай қаласында спорт кешені салынып, тұрғындардың игілігіне берілді. Сондай-ақ осыдан  үш жыл бұрын бұл стадионға күрделі жөндеу жүргізу туралы мәселе көтерілген болатын.  «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б. в.» компаниясынан бір миллиардқа жуық  қаржы бөлініп, екі жылға жуық күрделі жөндеу жұмыстары жүрді. Астана мерекесінің қарсаңында жастар стадионы оралдықтардың игілігіне беріліп отыр. Баршаңызды Елорданың 20 жылдығымен құттықтаймын, - деді салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Жиын барысында Батыс Қазақстан облысы бойынша тұңғыш рет допты хоккейден Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы атағы Виталий Немолочныйға берілді. Ал жастар стадионындағы ашық мұз айдынының құрылыс жұмыстарын жүргізген «Бірлік» ЖШС-ның директоры Аманжол Исмағұлұлы жастар стадионына 10 коньки мен 10 допты сыйға тартты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір