• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 16:14:21
Алматы
+35°

13 Қаңтар, 2018 NEWS

Апта қорытындысы: Елбасы Қазақстан халқына Жолдау жариялады

8 қаңтарда Алматы қаласында Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының директоры Ерлан Біләлдің ісіне қатысты баспасөз конференциясы өтті

Ағымдағы апта айтулы оқиғаларға толы болды.  Ендеше, аптаны қорытындылап көрелік.

Биліктегілер не дейді?

Әйелдердің жасы ер адамдардың жас мөлшерінен кем болуы қажеттілігіне қарамастан, әйелдердің зейнетақы қоры ер адамдарға қарағанда көбірек болуы қажеттілігі хабарланды. Зейнетақы қорындағы жиналған қаражаттың жеткілікті деңгейінің артуы әйелдердің ең төменгі зейнетақысы мен зейнеткерлік жасының ұлғаюымен байланысты. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы 33 мың 745 теңге болатыны айтылды.

***

2001 жылы туған 6000-ға жуықтай жасөспірім Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының  әскери есебіне  алынуы көзделіп отыр. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу – бұл әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, тиісті жергілікті атқарушы органдар жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары болып табылады.

***

9 қаңтарда Елбасы Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасады  және  АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездесу өткізді

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының жаңа басшысы болып Ербол Шорманов тағайындалды

***

10 қаңтарда  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды.  Жолдауда үш тілді меңгерген кез келген этникалық топтың өкілі Президент бола алатыны айтылды

2018 жылы зейнетақы мен жәрдемақының және мұғалімдер жалақысының неше пайызға өсетінін хабарлады. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бірқатар шетел Елшісінен  сенім грамотасын қабылдады.  Атап айтқанда,  Швед Корольдігінің Елшісі Матс Фойер, Куба Республикасының Елшісі Эмилио Певида Пупо, Үндістан Республикасының Елшісі Прабхат Кумар, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия елінің Елшісі Майкл Джон Гиффорд ҚР Президентіне сенім грамотасын табыстады.

Қазақстан Президенті биылғы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен баратыны хабарланды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

2018 жылы бірқатар заң өз күшіне енді. Оның ішінде, көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі төмендейді. Педофилдерді химиялық піштіру жазасы 2018 жылдың бірінші қаңтарынан күшіне енді

Елімізде 1 қаңтардан бастап ҚР нормативтік құқықтық актілеріндегі салық салу мәселелері жөніндегі түзетулер күшіне енді, сәйкесінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімі 2018 жылдан 2020 жылға ауыстырылды.

***

2018 жылдағы Үкіметтің алғашқы отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасының Жолдауына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы Қазақстан-Түркімен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүесін жетілдіруге бағытталған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Аллен Шәйжүнісов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

***

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторинг жүйесін өз иелігіне алады. «Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторинг» жүйесін құру мақсатында республикалық бюджеттен 1,671 миллиард теңге бөлінді.

***

2017 жылы желтоқсанда жұмыссыз жүрген адамдардың саны 441,8 мыңды құрады. 2017 жылғы қарашада халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 81 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,5% төмен екені белгілі болды. 

Шетелде не жаңалық бар?

8 қаңтарда Түркіменстанда 2017 жылдың желтоқсанынан бастап әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды. Ал  Иранда бастауыш мектептерде ағылшын тілін оқытуға тыйым салынды. 

Ал қаңтардың тоғызында КХДР мен Оңтүстік Корея  министрлік деңгейінде өзара келсіссөз жүргізуді, атап айтқанда арадағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған алғашқы қадамды жасады. 

***

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Геннадий Головкинді 2017 жылдың үздік боксшысы деп таныды.

Оңтүстік Корея көршілес Солтүстік Корея спортшыларының Пхёнчхандағы Олимпиада ойындарына қатысуы үшін осы елге салынған санкцияларды жеңілдетуі мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Корея сыртқы істер министрлігінің өкілі Но Гю Док мәлімдеді. 

***

Өзбекстан Қырғызстанда автомобильдерге қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, пластика бұйымдарын шығары және басқа да бағыттардағы тоғыз кәсіпорын ашатыны хабарлады

***

АҚШ президенті өзінің КХДР лидері Ким Чен Ынмен жақсы қарым-қатынаста екендігін жеткізді. Екі ел арасындағы шиеленіскен байланыс ретін тауып жатқан көрінеді. 

***

Сауд Арабиясы үкіметі визаны 25 жастан үлкен, ер адамсыз саяхаттайтын әйелдерге беретін болды. 

Ақ үйде заң шығарушылармен иммиграция саясатына қатысты кездесу кезінде Трамп «Боққа батқан елдің адамдарын біз не үшін қабылдауымыз керек?» деп Конгресс мүшелерінің наразылығын туғызды.  

Қытайдың Судьжоу қаласында 19 жастағы қазақстандық студент қыз 14-інші қабаттан құлап, қаза болды. Оқиға 1 желтоқсанда Шанхай қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан Судьжоу қаласында болды. 1999 жылы Алматы облысында туған студент қыз Судьжоу қаласындағы университеттердің бірінде 2-курста оқып жүрген.

***

Калифорнияда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 18 адам көз жұмды. Оның ішінде 2 бала бар. Тағы 28 адам жарақат алды.

Шоу-бизнесте не хабар? 

Отандық басылымдар   продюсер Баян Алакөзова, әнші Төреғали Төреәлі және актриса, блогер Айжан Байзакова жайында жарыса жазып жатыр.

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзіне тіл тигізіп, қоқан-лоқы көрсеткен Баян Алакөзова мен Бағым Мұхитденованы сотқа беретінін айтты.  Ал Төреғали Төреәлінің музыкалық продюсері Жан Мұқанов әнші жайында жазды. Ал атышулы Айжан Байзакова тілшілерге сұхбат берді

***

Төреғали Төрәлі мен Мөлдір Әуелбекованың "Сен болмасаң" әніне түсірген бейнебаяны жарыққа шықты.

***

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова түсірген «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сериалы халық арасында қызу талқыланған еді. Әсіресе, сынап, сериалдың ұлттық арнадан алынып тастауын талап еткендер көп болды. Осы тұста Баян Алакөзованың әкесі Мақсат Мұхитденов тағы да хат жазды

Хас сұлудың көз жасындай, мөлдір өнер - театр 

8 қаңтарда Алматы қаласында Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының директоры Ерлан Біләлдің ісіне қатысты баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда ҚР Театр өнері қауымдастығы 1,5 миллион теңге көлемінде парамен ұсталған театр директоры Ерлан Біләлға араша түсіп,  өз пікірлерін ортаға салды. 

Аталмыш баспасөз конференциясында елімізге белгілі актер Асанәлі Әшімов те өз пікірін білдірді

9 қаңтардан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры міндетін Жандарбек Садырбаев атқаратын болды.

Өзге де жаңалықтар

9 қаңтарда Қарағандыда заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

11 қаңтарда еліміздің солтүстік өңірлерінде боран соғып, қытымыр қыс ашуына мінді. Нәтижесінде Астана қаласы мен еліміздің төрт облысында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды.

 Табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. 

***

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг алдағы уақытта аталмыш желіде орын алатын өзгерістер жайында айтты

Астанада Ұлттық ұлан жауынгерлері құдыққа түсіп кеткен әйелді құтқарды

***

Лондон мен Нью-Йорктегі шикізат биржасындағы сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы өсті. Сауда қорытындысы бойынша, Brent маркілі мұнайдың наурыздағы жеткізілім бойынша фьючерстерінің құны Лондондық ICE Futures биржасында 0,61 долларға артып, барреліне 69,87 доллар болды.

Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір