• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:19:53
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 IT

Apple жаңа презентациясын ұсынады. Қандай жаңалықтар күтеміз?

Apple компаниясы конференцияда жаңа MacBook Air-ді таныстырады

Apple компаниясы жыл сайынғы WWDC әзірлеушілеріне  арналған 4-8 маусым аралығында конференция өткізетінін мәлімдеді. Басты жаңалық iOS жүйесі, macOS, watchOS және tvOS жүйелеріндегі жаңартулар болмақ деп жазады Вести.ру.

Анимациялық анимоджи смайликтері FaceTime камерасымен байланыста жұмыс істейтін болады. Осы арқылы қолданушылар түрлі маскаларды видеоқоңырау кезінде де пайданала алады.

Сонымен бірге, «Мазаламау» режимі жаңартылатын болады деп күтілуде. Ал Siri көмекшісінің ұсынатын қызметтеріне тереңірек зерттеу жүргізу жоспарлануда. MacOS және iOS жүйесін дамыту арқылы Apple өзінің мобильді  қосымшаларын енд  ноутбуктар мен компьютерлерде қолдануға мүмкін болады.

Кейбір сарапшылардың пікірінше Apple компаниясы конференцияда жаңа MacBook Air-ді таныстырады. Айта кетерлігі компания танымал компьютерді осы уақытқа дейін еш жаңартпаған, тек процессорын жаңалап, заманауиландырып отырған. Осы жылы, кейбір деректерге қарағанда, компьютерге тұнық Retina-экраны жасалады. Сонымен бірге жаңа ноутбук арзанырақ болады деп күтіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір