• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:05:00
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 NEWS

Анкарада Дина Нұрпейісованың мүсіндік композициясы ашылады

Қазақ композиторының ескерткішін орнатуға 15 млн теңге жұмсалмақ.

Анкарада атақты күйші, композитор Дина Нұрпейісованың мүсіндік композициясы ашылады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Жобаға Атырау облысының бизнес құрылымдарының өкілдері қолдау білдірді. Қазақ композиторының ескерткішін орнатуға 15 млн теңге жұмсалмақ.

Мүсіндік композиция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын Түркияда мерекелеу аясында 2011 жылы Анкарада ашылған Дина Нұрпейісова атындағы саябақта орнатылады. Сол жылы Түркияда атақты қазақ композиторы Дина Нұрпейісованың 150 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтті.

Нұрлан Ноғаев

- Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани және мәдени құндылықтарды сақтауға және молайтуға ерекше көңіл бөлінгенін атап өткім келеді. Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі таңда қазақ мәдениетінің үздік туындыларымен әлем жұртшылығын таныстыру үшін жағдайлар жасалуда. Бұл отандық шығармашылық зиялы қауым үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады, - деді Нұрлан Ноғаев. 

 Қазақстан Елшілігінің, Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің, Түрік мәдениеті халықаралық ұйымының (ТЮРКСОЙ) және Анкара қаласы Этимесгут ауданы мэрінің ұйымдастыруымен 2011 жылы Дина Нұрпейісова атындағы саябақ ашылғанын естеріңізге саламыз. Бұл – танымал күйшінің атындағы шетелде ашылған алғашқы саябақ. 

Атақты қазақ композиторы Дина Нұрпейісова – тек қазақ халқының емес, бүкіл түрік жұртшылығының ықыласы мен құрметіне бөленген түрік әлеміндегі алғашқы әйел.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір