• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:25:35
Алматы
+35°

10 Маусым, 2017 Әлеумет

Анасы туған күнінде жол апатында қайтыс болған қызынан хат алды

Әр ата-ана үшін баласының өлімі ауыр соққы екені айдан анық. Психологтардың айтуынша, баласынан айырылғандар көп жағдайда өздерін тығырыққа тірелгендей сезініп...

Әр ата-ана үшін баласының өлімі ауыр соққы екені айдан анық. Психологтардың айтуынша, баласынан айырылғандар көп жағдайда өздерін тығырыққа тірелгендей сезініп, ары қарай өмір сүру үшін күшті қайдан алатынын ойлап дал болады. Бірі оңалса, енді бірі өмір бойы депрессияда болады екен.

Синди Мэттистің 16 жастағы Мэйси есімді қызы жол апатында көз жұмды. Алайда бірнеше уақыт өткеннен кейін анасы қызының жазған затын тауып алады.

Мэйси отбасында тұңғыш бала. Оны отбасындағылар қалжындап «екінші ана» деп атайтын. Ол үш інісіне бас көз болып, сабақтарын қадағалап, тамақтарын беріп, қарайласатын. Достары Мэйсиді мейірімді, шығармашылыққа жақын адам ретінде суреттейді. Анасы туған күнінде Мәйсидің оған жазған бір бума хатын тауып алады. 

Оның әрқайсысында «хатты...» ары қарай - «...мені сағынғанда», «...қуанғанда», «...жалғызсырағанда», «...ұйықтай алмай жатқанда» деп бөліп қойған.

Сол хаттардың бірі мынау:

«Жаным, анашым!

Ұйықтай алмай жатқаның өкінішті. Бірдеңеге қапаланғаннан, уайымнан немесе жаман ойлардың салдарынан  емес деп үміттенемін. Мен сені жақсы көретінімді білгеніңді қалаймын. Бәлкім, саған мұны жиі айтпаған шығармын. Сол үшін қазір маған ренжіп отырған боларсың. Бірақ есіңнен шығарма, сен менің өмірімдегі ең қымбат, ең жақын және ең сүйікті жандарымның бірісің. Сенің жағдайың жақсы екеніне сенгім келеді. Мен ешқашан сенің ойыңды оқи алмағанмын. Менің бар қалайтыным сенің бақытты болуың. Мен сені жақсы көремін. Ұйықтай ғой, жаным. Тәтті түстер көр» деп аяқтайды хатын Мэйси.

«Бұл хаттардың маған қалай көмектескенін Мэси білсе ғой» деп көзіне жас алды анасы.

«...Мені сағынғанда» деген тақырыппен тұрған хатта былай деп жазылған:

«Сағындырып жатқаныма кешірім сұраймын. Қайда болсаң да, не істесең де жағдайың жақсы деп үміттенемін. Егер қазір қиын сәттерді бастан өткеріп жатсаң немесе бойыңды күдік пен қорқыныш билесе сені жақсы көретінімді және өмір бойы жақсы көріп өтетінімді біл» деп жазды қызы.

Шолушы: Сабина Рамазан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір