• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:05:35
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Анасы 9 айлық баласын тұншықтырып өлтіріп, қоқысқа лақтырып жіберген

Тәртіп сақшылары қылмыстың бетін ашып, әйелді тұтқындайды. Ол өз баласын өлтіргенін мойындады.

Волгоград облысының тұрғынына 9 айлық баласын өлтірді деп айып тағылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«26 жастағы Фролово тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған өзінің  9 айлық баласын өлтірді деген айып тағылды», — делінген Ресейдегі тергеу комитетінің хабарламасында. 

Ресейлік тергеушілердің айтуынша, күдікті әйел 1 наурызда баласымен Волгоградқа келген. Осы жерде пәтер жалдап, үш күннен кейін сәбиін тұншықтырып өлтіріп, оның мәйітін қоқыс жәшігіне лақтырып, басқа қалаға кетіп қалған. Қазіргі уақытта полицейлер нәрестенің денесін іздестіріп жатыр.

Әйелдің анасы қызының жоғалып кеткенін полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары қылмыстың бетін ашып, әйелді тұтқындайды. Ол өз баласын өлтіргенін мойындады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір