• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:22:51
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Анамды жындыханада дәріге «отырғызған». Бұл ауыртпалықтың бергі шеті ғана

16 жасымда анама вагондағы жүктерді тасып жұмыс істеп жүрмін деп өтірік айтатынмын, өзім ұрлықпен айналысатынмын

Жастайынан ұрлық жасап, түрмеге түсіп, соның салдарынан үлкен қиындықтарға тап болған ер адамның қамаудан кейінгі бастан өткерген оқиғасын Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

16 жасымда анама вагондағы жүктерді тасып жұмыс істеп жүрмін деп өтірік айтатынмын. Шын мәнінде, ұрлық жасап ақша тауып, күн көріп жүргенмін дейді 39 жастағы Эдуард.

Жастық шақ. Сол уақытта алғашқы сүйікті қызым пайда болды. Оның жасы 21-де болатын. Соның көңілін аулап, сыйлық алып беру үшін ақша керек болды. Ең алғаш түрмеге осы ұрлық үшін отырдым. Қамауда болған уақытта изолятордан шықпайтынмын. Себебі әкімшілікпен жиі ұрыс-керіс орнайтын. Мені ұрып-соғатын, тыныштандыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданатын.

Осыдан он жыл бұрын бостандыққа шықтым. Қамаудан шыққаннан кейін өмірім тозаққа айналды.

Анама қарайласып жүрген туыстарым оны жындыханаға жатқызып тастаған екен. Оны ол жерден алып кетуге тырыстым, алайда санитар қызметкерлері ұрып-соғып қуып жіберді. Осыған қарамастан анамды жындыханадан алып кеттім. Ол жерде анамды дәрі-дәрмекке «отырғызып» тастаған екен. Басқа түскен ауыртпалықтың бұл бергі шеті ғана.

Туысқан бауырым пәтерімді тартып алмақшы болды. Мені итше тепкілеп, мен жасамаған ұрлық үшін пәтерімді беруімді талап етті. Алайда, полиция менің ол айтып отырған ұрлықты жасамағанымды анықтады. Бауырым оған да бой бермей, туған апамызды өртеп жіберген. Осының бәрін ол апамыздың пәтерін алу үшін істеген. Сұмдық...

Өзім сияқты қоғамнан оқшау өмір сүретін әйел тауып, сонымен қосылдым. Қызды болдық. Алайда, менің сөзім әйеліме өтпейтін, себебі өзім де дұрыс үлгі бола алмадым. Бір күні әйелім мен бірнеше ер адамның пышақ тақағанынан оянып кеттім. Олар менен пәтерді өз аттарына аударуды талап етті.

Қалыпқа келтіру орталығына емделуге барып келген соң әйелім біздің үйімізде есірткі саудасымен айналысып жүргенінің үстінен түстім. Полиция шақыртып едім, олар пәтер ішіндегілерді емес мені қуып шықты.

Анам көз жұмды. Әйелім Люба болса менің атыма 53 арыз жазған. Нәтижесінде Люба түрмеге отырды, оны ата-ана құқығынан айырды.

"Мені өзгерткен шіркеу болды. Шіркеуге барып жүрген уақытта мені қайта қамауға алмақшы болды. Алайда осы кезде Валентин Васильевич есімді ер адам сотты мені қамаудың орнына міндетті жұмыстар жасауға көндірді. Қазіргі жұбайымды сол уақытта кездестірдім. Оның да есімі бірінші әйелімдікі сияқты Любовь. Мені барлық мағынада махаббат құтқарды"-дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір