• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:40:44
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2017 Фото-баян

«Анаға апарар жол» фильмін көрген итальяндықтар көздеріне еріксіз жас алды

Рим қаласында Ақан Сатаев пен Әлия Назарбаеваның тарихи драмасының көрсетілімі болды, деп хабарлайды

Рим қаласында Ақан Сатаев пен Әлия Назарбаеваның тарихи драмасының көрсетілімі болды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Римде режиссер Ақан Сатаев пен бас продюссер Әлия Назарбаеваның «Анаға апарар жол» фильмінің гала көрсетілімі болып өтті. Итальяндықтар Қазақстанның ауқымды тарихи кино жабасына өз бағаларын берді. Қазақстандық көрермен сынды итальяндықтар да көз жасына ерік берді. Бүгін, 17сәуір күні, фильм Миланда көрсетілмек.

Фильмнің көрсетілімі «Casa del cinema» кинотеатрында итальянша субтиртлармен Қазақстанның Итальядағы елшілігінің қолдауымен өтті. Фильм римдіктер мен қала қонақтарының қазақ халқына деген қызығушылығын оятты. Көрермен фильмді жылы қабылдап, көз жасына ерік берді.

Пресс-конференцияға және көрермендермен кездесуге фильмнің бас кейіпкерлері Аружан Жазылбекова мен Алтынай Нөгербек қатысты.

«Анаға апарар жол» фильмі бас кейіпкерге өмірдің қиындықтарын жеңуге көмектескен ананың шексіз махаббатының күші туралы. Фильмде 1930 жылдан бастап, біздің бүгінгі кезеңге дейінгі ауқымды уақыт қамтылған. Негізгі оқиға қазақ халқының басындағы ауыр кезеңдер: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі кезеңдер туралы. Фильм рухани құндылықтар туралы ойлануға және өмірге деген көзқарасты өзгертуге септігін тигізеді.

Тарихи драма Қазақстан, Белоруссия мен Әзірбайжанда түсірілді. Минскте соғыс кезеңі таспаланған болатын. «Днепрді алу» көрінісінде 500-ге жуық адаммен, 300 әскери техника түсірілді. Фильм түсіріліміне 2 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

Фильм Ялтадағы «Евразийский мост» кино фестивалінде Гран-приге ие болды. Және де фильм Италияда көрсетіліп жатқан кезеңде режиссер Ақан Сатаев осы фильмі үшін Бішкекте Орталық Азияның «Ақ барс» VI Ұлттық кино жүлдесінде жылдың үздік фильмі жүлдесін алды.

«La strada verso la madre» «Анаға апарар жол» итальян тіліне осылай аударылады. Өте қатты қобалжыдық. «Casa del Cinema» кинотеатрында біздің «Анаға апарар жол» фильмін итальяндықтарға көрсеттік. Итальяның мықты актерлер мен режиссерлердің отаны екенін өздеріңіздер де білесіздер... Қатты қорықтық. Ал сосын: «Bravissimo, Grazie, Molto bene»! Тамаша толқыныс сезім», - деп жариялады өзінің Инстаграм парақшасында Аружан Жазылбекова.

«Әрине ана болу – тамаша әрі жарқын сезім, ана қай жерде болмасын ана. Меніңше, әлемдегі бар ананың ішкі сезімі бірдей. Кез келген елдегі ана бұл фильмді жақсы түсінеді», - деп бөлісті Алтынай Нөгербек.

Естеріңізге сала кетейік, фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Жаңа әлем» ЖШС Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірген.

«Біз күллі әлемді өз тарихымызбен, мәдениетімізбен, жалпы елімізбен таныстырғымыз келеді. Сондықтан фильмді әртүрлі елдерде көрсетуге тырысамыз. Осыған дейін фильм Лос-Анджелес пен Мәскеуде көрсетілген болатын. Және осы фильмді басқа фестивальдерде көрсетсек деген ойымыз бар», - деп мәлімдеді «Жаңа әлем» ЖШС продюсері Икрам Каримов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір