• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:03:47
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2018 NEWS

Амстердам соты Ұлттық қордың қаржысын бұғаттан шығара алмады – Стати

Молдова кәсіпкері Анатолий Статидің айтуынша, Ұлттық қордағы 28 миллиард доллар Қазақстанға әлі де қол жетімсіз күйде қала береді.

Молдова кәсіпкері Анатолий Статидің айтуынша, Ұлттық қордағы 28 миллиард доллар Қазақстанға әлі де қолжетімсіз күйде қала береді.

Ұлттық қордың $22.6 миллиард қаржысы Амстердам сотының қаражатты босату туралы шешіміне қарамастан, әлі де бұғаттаулы жатыр. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Prnewswire.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпкер Анатолий Статидің сөзінше, Амстердам аудандық сотының қаулысы бұғаттан шығаруға әсер еткен жоқ, себебі шара Брюссельдегі Бірінші Ассамблея сотының шешіміне сәйкес енгізілген. Бұл шешім осы заң институтында тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады.

Дереккөзде көрсетілгендей, Брюссель сотының шешімі – 2017 жылдың тамыз айында басталған әртүрлі еуропалық сот шешімдерінің бірі. Соның нәтижесінде Стати партиясы Нидерланды, Бельгия, Швеция және Люксембургте $28 миллиард қазақстандық мүлікті бұғаттап тастады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 23 қаңтарында Амстердам аудандық соты Нью-Йорк Меллон Банкіндегі Ұлттық қордың активтерін бұғаттан шығару туралы Ұлттық банктің өтінішін мақұлдаған болатын. Сонымен қатар Әділет министрлігі Ұлттық қордың активтерінің бір бөлігі бұғаттаулы күйінде қалатынын мәлімдеген.

Одан бұрын, 2017 жылдың желтоқсанында Нью-Йорк Меллон банкі Ұлттық қордың $22 миллиард қаржысын бұғаттап тастаған болатын.

Кейінірек Стати компаниясының өкілі шығындарды өтеу үшін «Самұрық-Қазынаны» Қашаған кен орнындағы үлесін сатуға міндеттеуді Голландия сотынан сұрауға ниетті екенін айтты. Тергеу жұмыстары бірнеше жылдан бері жүріп жатыр. Шағымдардың жалпы сомасы $4 миллиардтан асады.

Ұлттық қор «Самұрық-Қазынаға» тиесілі Қашаған кен орны сатылмайды деді. Әділет министрлігі Статидің талабын тым агрессивті пропаганда деп атады. Әділет министрі Әділет Бекетаев өз кезегінде молдовалықтың Қазақстанды $167 миллион шығынға ұшыратқанын айтты.

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір