• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:34:38
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Алтын шоколад пен гауһар тасы бар коктейль қалай жасалады? (видео)

Алтын шоколад және жеуге болатын гауһар тастармен көмкерілген коктейльдің бағасы Лондон барларының бірінде 100 фунт стерлинг тұрады.

Алтын шоколад және жеуге болатын гауһар тастармен көмкерілген коктейльдің бағасы Лондон барларының бірінде 100 фунт стерлинг тұрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге ала отырып.

Айрықша коктейльді Челсиде орналасқан The Bletchley bar барынан таба аласыз. Ойын-сауық орнының ішкі интерьері Екінші Дүниежүзілік соғыс уақытын еске салады.

«Король Георг VI» атты сусынның негізі – үш түрлі ликермен араластырылған джин. Сонымен қатар, лимон фреші, Биттер Лемон, жидектер, гибискус пен апельсин қабығы қосылады. 

Құрғақ мұзбен салқындатылған коктейльдің үстінен маскарпоне көбігімен толтырып, алтын шоколад және жеуге жарамды гауһар тастармен безендіреді, карамель де қосады. Ерекше сусынды дайындауға жарты сағаттан астам уақыт кетеді екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір