• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:34:12
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2018 Әдебиет

«Алтын қалам» әдеби байқауының жаңа маусымы жарияланды

«Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесі жеңімпаздарының есімдері күзде өтетін марапаттау шарасында жарияланады.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жаңа маусымы жарияланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Байқау осымен жетінші рет ұйымдастырлып отыр. 

Байқауға қазақ және орыс тілінде жазылған жұмыстар 13 наурыздан бастап 15 қыркүйекке дейін қабылданады. Әдеби туындыларды [email protected], [email protected] электронды поштасына жолдауға болады. Конкурс жайлы толық мәлімет  www.akalam.kz  сайтында жарияланады. Сайысқа түскен барлық шығарма аталмыш сайтта жарияланады.

Оқырмандар төмендегі аталымдар бойынша дауыс бере алады: 

  1. Жылдың үздік поэзиясы;
  2. Жылдың үздік прозасы;
  3. ДАРАБОЗ. Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер шығармасы;
  4. Есенжол Домбаев атындағы жылдың үздік сатирасы;
  5. Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы;
  6. Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы;
  7. Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін;
  8. Қазақ тіліндегі үздік романға Есенқұл Маманұлы атындағы сыйлық беріледі.

Алғашқы кезеңде шығармалар www.akalam.kz веб-сайтында іріктеледі. www.akalam.kz сайтындағы онлайн дауыс беру 6 айға созылады. Дауыс беру аяқталған соң әр аталым бойынша 5 шығарма таңдап алынады. Сайыстың екінші кезеңіне оқырмандар тарапынан ең көп ұпай жинаған шығармалар өтеді.

Алтын қалам

Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар мен жоба серіктестерінен құралған қазылар әр номинация бойынша  анықтайды. Сайыс барысында шығарма авторлары көрсетілмейді.

Айта кетсек,  Есенқұл Маманұлы атындағы бас жүлде  1 000 000 (бір млн) теңге қазақ тілінде жазылған үздік романның авторына бұйырады. Сонымен қатар балалар әдебиетіне арналған «Дарабоз» байқауының жеңімпазына  1 000 000 (бір млн) теңге беріледі. Қаржылай сыйлықтарды  «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының жетекшісі Бауыржан Оспанов тағайындап отыр.  

«Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесі жеңімпаздарының есімдері күзде өтетін  марапаттау шарасында жарияланады. 

Қазақ әдебиетінің бүгініне бей-жай қарамайтын, қоғамдық қызметтің әр саласында еңбек етіп жүрген Досым Сәтпаев, Қуат Домбай, Кенже Жұманұлы, Расул Жұмалы, Айдос Сарым сынды азаматтар 2009 жылы «Алтын қалам» әдеби байқауын өткізу туралы бастама көтерген болатын. Биыл байқау жетінші рет ұйымдастырылып отыр.

Айта кетейік, қазылар құрамында кәсіби қаламгерлер мен әдебиетшілер жоқ. Көпшіліктің талқысына ұсынылған әдеби шығармалардың авторы да көрсетілмейді. Бұл талаптар байқаудың әділ өтуіне кепілдік береді. 

Әдеби кештің қолдаушылары: «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы, QAZKOM, «Меломан» сауда желісі, Qamshy.kz ақпарат агенттігі, «Қазақстан баспасөз клубы»,   «КТК» телеарнасы, «31 телеарна», «Русское радио Азия», Massaget.kz жастар порталы, «Айқын», «Жас алаш» басылымдары, «Аруна» баспа үйі. 

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір