• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:09:07
Алматы
+35°

03 Желтоқсан, 2016 Дәстүр

АЛТЫ САНЫ

Алты дегеніміз — алты иман:

Алты дегеніміз — алты иман:

1. Алланың барлығына кәміл сеніп иман келтіру.

2. Алланың періштелеріне сеніп иман келтіру.

3. Алланың пайғамбарларына сеніп иман келтіру.

4. Алланың түсірген кітаптарына сеніп иман келтіру.

5. Ахирет күніне сеніп иман келтіру.

6.  Жаннат пен тозаққа сеніп иман келтіру.

 

Алланың алты сипаты:

1.   Бар болу.

2.  Барлығын жаратушы басы болу.

3.   Барлығының ақыры болу.

4.  Жалғыз-жалқы болу.

5.  Еш нәрсеге ұқсамау.

6.  Басқаларға еш мұқтажын салмай жалқы жасау.

 

Қабыр сұрағы алтау:

1.   Раббың кім?

2.  Дінің қандай?

3.  Пайғамбарың кім?

4.  Құбылаң қайда?

5. Кімнің ұрпағысың?

6. Кімнің үмметісің?

 

Намаз шарты алтау:

1.   Ниет ету.

2.   Ниеті және тәні таза болу.

3.   Нәжістен таза болу.

4.   Әуратты тазарту.

5.  Құбылаға бетін қарату.

6.  Уақытты өткізіп алмау

 

Намаз дәретінің сүннеті алтау:

1.    Ғұсыл алуға ниет ету.

2.   Намаздың толық дәретін алу.

3.   Ауыз-мұрынға алған суды кептіру.

4.   Басына үш рет су қүю.

5.  Оң иықты үш рет жуу.

6. Сол иықты үш рет жуу.

 

Намаз тағандары алтау:

1.   Тәкбір айту.

2.   Түрегеліп тұру.

3.   Қирағаттап оқу.

4.   Бел бүгу.

5.   Сәжде ету.

6.  Аяқтап бата жасау.

 

Жұма намаздың екінші шарты алтау:

1.   Жұма намазын оқу.

2.   Даусыз-жанжалсыз орта болу.

3.    Бесін намазының уағында оқу.

4.   Жамағатқа арнап құпия оқу.

5.   Имамнан басқа да үш адам болу.

6.  Жұма намазы оқылатын жер ашық болу.

 

Оразаның алты түрі:

1.   Парыз.

2.  Уәжіп.

3. Сүннәт.

4.  Мәндүп.

5.  Нәфіл.

6.  Мәкру.

 

Оразаны бұзатын алты нәрсе:

1.   Біле тұра ішіп-жеу.

2.   Жыныс жақындығын жасау.

3.   Темекі шегу.

4.   Арам нәрсені иіскеу.

5.   Аузын арамдап ғайбат айту.

6.  Түкірігін қайта-қайта жұту

 

Мұсылманның алты парызы:

1.   Бір-біріне сәлем беру.

2.   Шақырған жерге бару.

3.   Тарыққанға ақыл беру.

4.   Сұрақ сұрағанға иланымды жауап беру.

5.   Ауырған адамның көңілін сұрау.

6.  Қайтыс болған адамды жерлесу.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір