• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:59:45
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2018 Аймақтар

«Алтай» волейбол клубының қыздар командасы биыл шілде айында Өскеменде өтетін Азия чемпионатына дайындығын бастады. Күні кеше жерлестеріміз кезекті оқу-жаттығу жиындарын өткізу мақсатында Түркияға аттанды.

«Алтай» волейбол клубының спорттық директоры Досжан Уалхановтың хабарлауынша, түрік елінде алтайлықтар екі аптадан астам уақыт болады. Волейболшыларымыз алдағы байрақты бәсекеге дайындықтарын Белек қаласындағы Gloria Sports Arena деп аталатын заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жүргізбек. Дәл сол жерде команданың 14 ойыншыдан құралған негізгі құрамы жасақталады деп күтілуде.

Түркиядан оралған соң волейболшы қыздарымыз бірнеше ресейлік командамен спарринг кездесулер өткізетін болады. Бұл ойындар маусым айының 16-ы мен 25-і аралығында ойналмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір