• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:52:54
Алматы
+35°

24 Маусым, 2018 Әлем

Алтайда дауыл кезінде жоғалып кеткен 8 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі талқыланып жатыр.

Алтай аймағындағы Барнауыл өлкесінде 8 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Ол сенбінің кешінде болған жойқын дауыл алдында жалғыз шығып кеткен. Криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап, баланың туыстары мен достарын, жақындарын тергеп жатыр. Бұл жайында Ресей Федерациясының тергеу комитеті бойынша Алтай өлкесінің тергеу басқармасының сайтында хабарланды.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі талқыланып жатыр.

— Біз әзірге оның жоғалып кетуі дауылға қатысы бар ма, жоқ па білмейміз. Алайда оның дауылдың басылғанын күтіп  достары немесе таныстарының үйінде болуы мүмкін. Бала ертерек қыдыруға шығып кеткен, артынан анасы бізге оның жоғалып кеткенін айтып, хабарласты. Жасөспірім жақсы отбасыдан шыққан, бұрын соңды мұндай қылығы болмаған, - деді тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

Барнауылда дауыл 23 маусымда кешкі сағат 9 шамасында басталған. Жел ағаштарды құлатып, бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкеткен. Дауыл салдарынан 1 адам көз жұмды, 85 мың адам жарықсыз қалды және 15 адам жарақат алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір