• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:26:32
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алтай Көлгінов Орал қаласының жолдарын жөндеуге қосымша тағы 1 миллиард теңге бөлді

Осы айда Алтай Сейдірұлы Оралдың бірқатар құрылыс нысандарын аралған еді.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов облыс орталығындағы жол, құрылыс және абаттандыру жұмыстары бойынша жиын өткізді. Осы айда Алтай Сейдірұлы Оралдың бірқатар құрылыс нысандарын аралған еді.  Атап айтқанда, Ақтөбе, М.Мәметова, Петровский көшелеріндегі күрделі жол жөндеу жұмыстарымен танысты.

Алтай Көлгінов
Сонымен қатар, Депо көпірінің құрылысы мен № 2 жылу магистралін (Кердері, М.Мәметова көшелері) қайта құру жұмыстарын көрді. Өткен аптада Елорданың 20 жылдығына орай салынып жатқан сквер құрылысын қараған еді.
Кейінгі жылдары Орал қаласын көркейту жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді. Мысалы бір ғана жол жөндеу жұмыстарына 2010 жылы тек 500 млн. теңге бөлінсе, 2017 жылы Оралдың ішкі жолдарына 8 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Осының нәтижесінде 60-тан астам көше жөнделіп, 50-ге жуық аулалар абаттандырылған болатын. Қаладағы 29 әлеуметтік нысанға баратын жол салынған. 
Өткен аптада қаладағы жол жөндеу жұмыстары мен көпір құрылысының қарқынын бақылап қайтқан облыс әкімі Алтай Көлгінов жиында бірқатар мердігердің жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді. 
– Мердігерлер, сіздер тегін жұмыс істеп жатқан жоқсыздар. Сіздердің шалқып жүргендеріңіз мемлекеттік тапсырыстың арқасында. Егер тапсырыс болмаса, бизнестеріңіз де ештеңе де жоқ. Сондықтан жұмысқа да жауапты қарау керексіздер. Жөндеу жұмыстары кезінде жолдарды жауып қоясыздар да баяу қимылдайсыздар. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырады. Біз – әкімдік тұрғындардың алдында берген уәдемізге сәйкес тиісті қаражатты тауып беріп отырмыз. Сол қаражатқа сай сапалы жұмыс көрсету – сіздердің міндеттеріңіз. Ал сіздер бір емес, бірнеше құрылыс нысанына бірден кірісесіздер. Сәйкесінше, сапасыз дүние шығады. Көтере алмайтын шоқпарды белдеріңізге байламаңыздар! Ертең уақытынан кешіктірсеңіздер де, сапасыз жол салсаңыздар да тұрғындар бізді кінәлайды. Сондықтан нысанды қабылдағанда қатаң қадағаланатынын осы бастан ескерткіміз келеді, – деді Алтай Көлгінов.

Алтай Көлгінов

Осы жиында облыс әкімі Орал қаласының жолдарын жөндеуге қосымша тағы 1 миллиард теңге бөлінетінін жеткізді.

Айта кету керек, былтыр өз ісіне жүрдім-бардым қараған 7 бірдей компанияның ісі сотқа жолданған болатын. Өз кезегінде мердігер компания басшылары жұмыстарын сапалы атқаруға уәде етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір