• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:19:11
Алматы
+35°

15 Маусым, 2018 Аймақтар

Алтай Көлгінов облыстың бірнеше ауданына жұмыс сапарымен барды

Сапар соңында мемлекеттік бағдарламаларды нәтижелі жүзеге асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді

Батыс Қазақстан Облысы әкімі Алтай Көлгінов Шыңғырлау және Бөрілі ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Әкім бұған дейін облыстағы бірнеше ауданға жұмыс сапарымен барып, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен және аудандардың экономикалық жағдайымен танысқан болатын. 
Шыңғырлау ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ащысай ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатырған су құбырының құрылысымен танысты. Бөлінген қаржы – 269 млн. 759 мың теңге. Құрылыс нысаны аяқталған соң ауылдың 500-ге жуық үй таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Құрылыс нысанда еңбек ардагерлер мен тұрғындардың қатысуымен аудан әкімі Альберт Есалиевтің Шыңғырлаудағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есебі тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, ауданның төрт елді мекенінде су құбырының жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша ауданның 86%-ті таза ауыз сумен қамтылатын болады. Сонымен қатар, ауданда жол, әлеуметтік нысандардың құрылысы жайлы мәлімет берілді. 
Сондай-ақ, облыс әкімі мемлекетік қолдауының арқасында жұмыс істеп жатқан «Ғайни» шаруа қожалығының құс шаруашылығын аралап, ауыл шаруашылық саласындағы мамандармен кездесті. «Ғайни» ш/қ басшысы Жасқайрат Айсиев болашақта құс санын 8 мыңға жеткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Оған қоса, қожалықта заманауи қондырғы орнатылған (жел және күн сәулесінен энергия көздерін алатын гибридтік қондырғы) айтты. Кездесуде шаруа қожалықтарының басшылары өнімді ішкі нарықпен қатар сыртқа шығаруды көздейтінін жеткізді.
Облыс әкімі сонымен қатар Шыңғырлау ауылының шығыс бөлігінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып, пайдалануға берілген 30 тұрғын үйге қоныстанған тұрғындарымен кездесіп, «Патриот» супермаркетінің жұмысын бағалап, ауылішілік абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Аудандық демалыс саябақ аумағында орналасқан орман қорының жерлерін елді-мекен жерлеріне ауыстыру жұмысымен танысып, саябақта ауыл жастарымен жүздесті. Бұдан бөлек, облыс әкімі аудандық тарихи-өлкетану музейін аралады. Сапар соңында мемлекеттік бағдарламаларды нәтижелі жүзеге асыру және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Алтай Көлгінов

Бөрлі ауданына барған Көлгінов Ақсай қаласы, Пугачев және Бөрлі ауылдық округтеріндегі өндіріс орындары мен шаруа қожалықтарын, бірқатар құрылыс нысандарын аралады.
Алдымен аудан орталығында орналасқан «RT Alliance» ЖШС-на барып, сұйық азот өндіру зауытының құрылысымен танысты. Құны 1 млн. АҚШ долларын құрайтын зауыттың қуаттылығы жылына 500 кг/сағ. Қазіргі таңда зауыттың құрылысы толық аяқталып, инженерлік желілер тартылуда. Таяу күндері іске қосылатын өндіріс ошағы еліміздегі «КПО б.в.» сияқты кен өндіруші компанияларды таза азотпен қамтымақ.
Ақсай қаласындағы төртінші және бесінші шағын аудандардың жылу және ыстық-салқын су жүйесін қайта құрылымдау жұмыстарымен де танысты. Жоба құны - 576, 0 млн. теңге. Жалпы ұзындығы 32 418 метрді құрайтын су жүйелерінің құрылысы биылғы қыркүйек айында аяқталмақ.
Ақсайдағы шешімін күткен өзекті мәселенің бірі – жолдың жайы екені белгілі. Кездесу барысында облыс әкімі Алтай Көлгінов жақында облысқа жұмыс сапарымен келген Елбасы Н. Назарбаевтың Ақсай бағытына қатынайтын жол құрылысын салуға үлкен қолдау көрсеткені туралы қуанышты хабарды жеткізіп, қазір ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен жобалық сметалық құжаттар дайындалып жатқанын, келер жылы Ақсай арқылы Оралдан Орынборға дейін төрт жолақты автожол салынатынын айтты.
Жұмыс сапары аясында облыстық маңызы бар 90 шақырымдық Ақсай-Жымпиты тас жолын жөндеу жұмыстарын тексерді. Мердігер «Юнисерф» ЖШС, жобаның бірінші кезеңінде 38-53 шақырымда (15 шақырым) жол жөндеу жұмыстарын «АқсайБизнесСтрой» ЖШС іске асыруда, жобаның сомасы 1 958,014 млн теңге. Екінші кезеңде 53-68 шақырым (15 шақырым) жөндеу жұмыстарымен «Асфа» ЖШС айналысуда. Бұл жобаның жалпы сомасы 1 943,729 млн теңге.
Жөндеу жұмыстарының барысын пысықтап, қосалқы мердігерлермен тілдескен облыс әкімі жұмыстың сапалы әрі уақтылы жүргізілуін тапсырды. Құрылыс материалы мен жұмыс күшінің және техниканың жеткілікті екендігін айтқан қосалқы мердігерлерлер өздеріне тиесілі учаскені тамыз айының соңына дейін аяқтауға уәде берді.
Сондай-ақ, Ақсай шаһарындағы кезекті құрылыс Ақсай техникалық колледжі жатақханасында жүргізілуде. Апатты жағдайда тұрған бұрынғы ескі жатақхана орнына бес қабатты 124 пәтерлік жаңа тұрғын үй бой көтеруде. Жоба құны – 635 423,0 мың теңге. Бүгінгі таңда ішкі әрлеу жұмыстары қалған жатақхана шілде айында пайдалануға беріліп, бұрынғы апатты үйдің 70 отбасына қоса бюджеттік сала мамандары да баспаналы болмақ.
Облыс әкімі Алтай Көлгіновке таныстырылған тағы бір құрылыс нысаны аудандық ішкі істер бөлімінің «Шұғыл басқару орталығы» болды. «КПО б.в.» компаниясының әлеуметтік тапсырысы аясындағы жобаның жалпы құны 132 371,0 мың теңге.
Үш қабатты ғимараттың төменгі қабатында құқық қорғау қызметкерлеріне арналған жұмыс бөлмелері, жаттығу залдары мен тир алаңдары орын тепсе, екінші қабаты толығымен шұғыл басқару орталығына арналып, жабдықталған. Ғимараттың жоғары қабатында құқық қорғау қызметкерлеріне арналған қызметтік пәтерлер орналасқан. Сонымен қатар, жақын арада Ақсай қаласының көшелеріне «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында 100-ден астам бейнекамера қойылып, шаһардың қауіпсіздігі осы аталған шұғыл басқару орталығы арқылы басқарылып отырады.
Сапар барысында облыс әкімі Ақсайдағы 240 орындық балабақша және Бөрлі ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыстарын тексерді. Аталмыш нысандар ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі. 
Сондай-ақ, Пугачев ауылында орналасқан «Аманат» шаруа қожалығының сүт фермасының құрылысымен танысты. 600 бас ірі қара малға арналған ферманың құрылысы жылдың соңына дейін аяқталады. Инвестициялық жобаның құны – 2,5 млрд. теңге.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі аудан әлеуетін толық пайдалану туралы тиісті тапсырмалар берді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір