• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:23:48
+35°

10 Желтоқсан, 2017 Экономика

Алпауыт банк қаржылық қолдау көрсеткен журналистер байқауы мәресіне жетті

Журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және журналистер қауымын ынталандыру мақсатында қолға алынған байқау

Бүгін Алматыда «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ ұйымдастыруымен өткен «Еркін сөз» шығармашылық байқауының қорытындысы шықты, деп жазады qamshy.kz. Журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және журналистер қауымын ынталандыру мақсатында қолға алынған байқау  қаржылық (Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері 26 жылда қаржы саласында қол жеткізген жетістіктері мен проблемалары, шешу жолдары, қаржылық саясат, ұлттық валюта, банк қызметі, несиелеу т.б.) тақырыптағы материалдарды саралады.

Назия Жоямергенқызы

«Халық тобы» бас демеушілік еткен журналистер байқауы қазақ тілінде жазатын журналистер арасында өтті.  Журналистерге Оған жекелей «Қазақстан халық банкі», «Казкоммерцбанк» қаржылық қолдау көрсеткен. Марапаттауға арналған салтанатты кешке журналистермен қоса UNESCO мен БҰҰ өкілдері де қатысты. 

Байқаудың ұйымдастыру комитеті бекіткен әділқазылар «Үздік телесюжет», «Үздік мақала», «Үздік радиохабар», «Үздік сайт мақаласы», «Үздік фоторепортаж», «Үздік шығармашылық топ» аталатын 6 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады, толымды материал болмағанына байланысты «Үздік фоторепортаж» номинациясы бойынша жүлде берілген жоқ. Кешті «Түркітілдес журналистер қоры» басшысы Назия Жоямергенқызы байқауды ұйымдастыруға қолдау білдірген ұйымдар мен журналистерге алғысын айтып, журналистерді жеңісімен құттықтауымен бастады.

Досбол Арыстанбеков

Журналистерді марапаттау рәсімінде сөз алған «Халық банк» PR менеджері Досбол Арыстанбеков: «Еркін сөз» шығармашылық байқауы республикалық деңгейде, еліміз бойынша барлық аймақтарды, барлық өңірлерді қамтыды. Тек қана қазақтілді журналистерге арналған байқауға тікелей «Халық тобы» болып қолдау көрсету біз үшін үлкен құрмет десек болады. 2017 жылы Қазақстанның қаржы секторында орын алған үлкен жаңалық «Халық тобына»  «Казкоммерцбанк» енгені.  «Казкоммерцбанк» қазіргі кезде бұрынғыдай еркін жұмыс істеп отыр. Оның бір көрінісі осы «Еркін сөз» байқауына тікелей қолдау білдіргені. Байқауға қатысқан барша журналистер өз саласының кәсіби мамандары. Бұл сайыстың басты мақсаты журналистердің кәсіби деңгейін көтеру. Сондай-ақ осы байқауды ұйымдастыру арқылы еліміздегі барлық журналистердің назарын қаржы саласына бұрғымыз келді», - дейді.

Әміржан Қосанов

Ал, әділ қазы құрамында болған аға буын журналист, мемлекет қайраткері Әміржан Қосанов: «Қарапайым халықтың қаржылық сауаты төмен" дегенге келіспеймін!  Сауатсыз болса, осынау қымбатшылық жайлаған заманда мардымсыз жалақы мен зейнетақыны жіңішкені үзбей, келесі айға дейін жеткізе алар ма еді?!

Міне, сол туралы ашық та кәсіби түрде жазу керек. Ол, сөзсіз, журналистердің міндеті! Бұл - алғашқы байқау, Қазылар алқасының өкілі ретінде айтатыным - қазақ журналистері келесі кезеңде осы байқауға белсендірек қатысса екен!», - деді өз сөзінде.

«Үздік телесюжет» Астана арнасы тілшісі Еркін Қаринге бұйырса, «Үздік мақала» бойынша жүлде «Айқын» газеті тілшісі Абай Аймағамбетке, «Үздік сайт мақаласы» Turaninform.kz сайты бас редакторы Құрманғали Нұрғалиевке берілді. Ал, үздік шығармашылық топ ретінде «Қазақстан» арнасының «Парасат майданы» бағдарламасы ұжымы аталса, «Үздік радиохабар» жүлдесін Қазақ радиосынан Гүлбағыш Бостан алды. Жүлдегерлердің әрқайсысы 150 мың теңге ақшалай сыйлық пен бағалы естеліктер алды. Сондай-ақ 5 номинация бойынша да ынталандыру жүлдесі тапсырылды. Телесюжеттен Әмірболат Құсайын, Үздік мақаладан Таңшолпан Тарғын, Үздік фоторпеортаж бойынша Мақсат Құсайынов ынталандыру жүлдесін алып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

 Ришат Асқарбекұлы

Абай Аймағамбет

Құрманғали Нұрғали

Әмірболат Құсайын

Таңшолпан Тарғын

Айта кетсек байқауды ұйымдастырған Түркітілдес журналистер қоры осыдан 3 жыл бұрын 2014 жылы 30 қарашада құрылған.

Фоторепортаж: Мақсат Құсайынов.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір