• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:14:14
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматының жас өнерпаздары науқас балаларға көмек көрсетті

Алматының жас өнерпаздары науқас балаларға көмек көрсетті

Алматының жас өнерпаздары науқас балаларға көмек көрсетті.

Алматының жас өнерпаздары науқас балаларға көмек көрсетті. Қаладағы «Балдәурен» балабақшасы қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Шарадан жиналған қаржы «Ақсай» республикалық клиникалық балалар ауруханасында емделіп жатқан жеткіншектердің еміне жұмсалады. Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен «Жүректен жүрекке» кешіне аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері де шақырылған.

«Қайырымдылық концерттен жиналған қаржыны «Ақсай» ауруханасында бүйрек ауыстыруға кезекте тұрған 6 баланың еміне жұмсалады. Бұл шараны алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Басты мақсат - балалардың бойына мейірбандылық, рақымшылық  және қайырымдылық сезімін қалыптастыру», - деді ұйымдастырушы Әсем Қаршығабекова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір