• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:10:36
Алматы
+35°

15 Маусым, 2018 Ғылым-білім

Алматының ауасы нашар аудандары белгілі болды

Алматы қаласының экологиясын зерделеу бойынша осындай ауқымды жұмыстардың соңғы 10 жылда алғаш рет жүргізілгені айтылды.

«Экосервис-С» ЖШС табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша Алматы қаласының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін таныстырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Экосервис-С» ЖШС-нің ғылым және сараптамалық зерттеулер департаментінің директоры Наталья Яковлева нысаналы индикаторларды таныстыру барысында Алматы қаласының экологиясын зерделеу бойынша осындай ауқымды жұмыстардың соңғы 10 жылда алғаш рет жүргізілгенін атап өтті.

Нәтижесінде қаланың экологиялық жағдайын бағалауға кешенді тәсіл енгізілген. Атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, өсімдік жамылғысы, топырақ сынды барлық салаларда талдау жүргізілген. Қалдықтарды өңдеу жүйесіне де баға берілді. Ауа ластануының аумақтық ерекшеліктерін зерттеу қолға алынып, қоршаған орта жағдайының тәуелсіз мониторингі зерттеу барысы талданды.

«Ең басты проблема атмосфералық ауаның ластануы болып тұр.  Біз Қазгидрометтің 10 жылғы деректерін талдадық. Зерттеу жұмыстары қала айналасына ғана емес жақын маңдағы аумақтарды да қамтыды. Жалпы  ауаның ластану проблемасы қаланың барлық аумағында тіркелсе, 12-ші учаскедегі Райымбек-Наурызбай батыр көшелерінің аумағында ауаның ластығы белгілі шектен асып кеткен», - деді Яковлева.

«Мониторинг нәтижесінде Айгерім 2, Ақбұлақ, Шаңырақ 1, Шаңырақ 5, Халық Арена, Отенен батыр, Сейфуллин-Райымбек, Бөкейханов көшелері ластанған аумақ тізіміне енді. Өтеген батыр ауылына ерекше назар аудару керек, себебі ол жақта ЖЭС-3 орналасқан» - деді спикер.

«Сонымен қатар біз арнайы құрал сатып алып, далалық зерттеу жұмыстарын жүргіздік. 4000-нан астам стационарлық ластау көздерінің әсерін талдадық. 2014 жылға дейін сапасыз қалдықтардың шығарылуы көп болса, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеген. Бұл қала басшылығының, экологиялық қызметтің, қоғамның өнеркәсіп орындарына арнайы жасатқан зерттеулерінің нәтижесі. Біз кәсіпорындар орналасқан аймақтарда ауа ластануы жоғары болады деп күткенбіз», - деді маман.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір