• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:14:06
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2018 Әлеумет

Алматының 49,5 мың тұрғыны жұмыссыз жүр

Неғұрлым жоғары жалақы төленетін жалдамалы қызметкерлер қаржы қызметіндегі қызметкерлер болып қалады - 398 030 теңге.

Алматының 49,5 мың тұрғыны жұмыссыз жүр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Алматы қаласының Статистика департаментінің басшысы Б.Қарғұловтың ақпаратынша, 2017 жылдың 4 тоқсанында 15 жас және одан жоғары экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) саны 938,4 мың адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8 мың  адамға (2,5%)   өсті. Экономикалық белсенділік деңгейі — 68,2 %.

Экономикада жұмыспен қамтылғандар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2 мың адамға (2,6 пайыз) өсіп, 888,9 мың адамды құрады.

Жұмыспен қамтылған халық санының 820,3 мың адам немесе 92,3 % жалдамалы қызметкерлер,  68,6 мың адам  немесе 7,7 % өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санын құрады. 

Жұмыссыздық деңгейі 5,3 % немесе 49,5 мың адамды құрады,-деп атап айтты департамент басшысы.

2017 жылдың 4 тоқсанында 15 жас және одан жоғары экономикалық тұрғыдан енжар халық саны (жұмыс күші құрамына кірмейтін) 437,5 мың адамды құрады, 2016 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 2 %-ға немесе 8,7 мың адамға өскені байқалады.

2017 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (шағын кәсіпорындарды ескермегенде) Алматы қаласы бойынша 188 368 теңгені құрады, атаулы жалақы индексі 5,5 пайызға өсіп, ал  нақты жалақы индексі 98,5  пайызды құрады.

Неғұрлым жоғары жалақы төленетін жалдамалы қызметкерлер қаржы қызметіндегі қызметкерлер болып қалады - 398 030  теңге. 

Төменгі жалақыны денсаулық сақтау саласындағы (125 428 теңге) және  ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларындағы (110 162 теңге) жалдамалы қызметкерлер алады,-деп баяндады ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір