• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 09:28:51
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 Аймақтар

Алматыны жаһанға жарқ еткізген тиін

Жақында ғана Алматы төрінен орын алған алып тиіннің мүсіні күтпеген жерден қоғамның қызу талқысына түсті де кетті

Жақында ғана Алматы төрінен орын алған алып тиіннің мүсіні  күтпеген жерден қоғамның қызу талқысына түсті де кетті. Бұл тақырыпты қаузамаған отандық БАҚ қалмаған шығар, сірә. Тіпті, шет елдің бұқаралық ақпарат құралдары да сабаннан жасалған тиінге елең етіп, өздерінде жаза бастады. Мәселен, бір ғана тиін мүсінінің айналасында бас-аяғы 100-ден астам мақала басылыпты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы-Ақшамына сілтеме жасап.

Бұл жобаның ұйымдастырушы авторлары да, британдық суретші  Алекс Ринслер де биіктігі 13 метр болатын тиін бір аптаның ішінде осыншалықты танымалдылыққа ие болады деп ойламаса керек. Оның шаһардағы «Атакент» көрме кешенінің алаңынан орын тепкен мүсіні елдегі өзге мәселелерді ысырып тастап, халықтың назарын, көңілін, сөзін өзіне аударды.

Төрт қабатты үйдің биіктігімен теңесетін тиін, салтанатты ашылуы болмай жатып-ақ, әлеуметтік желілерде күн-түн демей қызу талқыға түсті. Жәй талқыланып қойған жоқ, мүсінді кәдімгі табаға салып «шыжғырып тұрып қуырғандар да» табылды.

Иә, уысына жаңғағын ұстаған бейкүнә мүсін-тиін қоғамды ашуландырды да, жағымсыз пікірлерге де жол ашты, ерекшелігімен таңдандырып, таңдай да қақтырды. Әйтеуір бесіктегі баладан еңкейген қарияға дейін ешкімді бей-жай қалдырмады. Бұл эко-мүсінге республикалық барлық ақпараттық портал, сайт, телеарналар арнайы орын беріп, эфирлерін, парақшаларын арнады. Әшейінде мәдениет саласына қатысты әлдебір жаңалықтар көзге ілінбей қалып жатушы еді. Бұл шын мәнінде сенсация болды десек артық айтқандығымыз емес.

Алматы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір