• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 17:21:11
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 Аймақтар

Алматыны көгалдандыруға ұсыныстарды қабылдау мерзімі ұзартылды

Бұған дейін ұсыныстар қабылдау 2017 жылғы 15 қазанға дейін қабылданатыны ескертілген

Алматы қаласын көгалдандырудың тұжырымдамасына ұсыныстарды қабылдау 31 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы қаласын көгалдандыру тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы Алматы қаласын көгалдандырудың тұжырымдамасына  ұсыныстарды қабылдау  31 қазанға дейін ұзартылғанын хабарлайды.

Бұған дейін ұсыныстар қабылдау 2017 жылғы 15 қазанға дейін қабылданатыны ескертілген.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы КММ тапсырмасы бойынша Алматы қаласын көгалдандырудың тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Тұжырымдаманы әзірлеу үшін орман шаруашылығы ғалымдары, сәулетшілер, биологтар, экономистер, гидрологтар және қоғамдық ұйым өкілдерінен жұмыс тобы құрылды.

Тұжырымдама қаланың климат ерекшелігін, топырағының құрамы, жерасты суының жақын орналасуы деңгейін, жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігіне талдау жасауға негізделген.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, тұжырымдама егілетін ағаш-бұта, өсімдік материалдарын таңдау, дайындау және оны күтіп баптау әдістемесінен, саябақтар, аула ішіндегі аумақтар, санитарлық қорғаныс аймағына арналған бірыңғай қалалық көгалдандыру жүйесінен құралып, қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру жүйесін дамыту жөніндегі Алматы қаласының бағдарламасын әзірлеуге, Алматы қаласының аумағында өзінің қызметін жүзеге асырып жүрген кәсіпорындар мен ұйымдардың  қызметіне негіздеме болады.

Тұжырымдама әзірлеудегі тағы бір мақсат - бұрыннан бар жасыл желектердің күйін жақсарту және жалпы пайдаланудағы жасыл желектердің  бір адамға шаққандағы  көлемін 13 шаршы метрге дейін арттыру.Алматы қаласының тұрғындары аталған Тұжырымдамаға қатысты ұсыныстарын [email protected]  адресіне жібере алады.

Сондай-ақ, www.conga.kz сайтында қосымша ақпаратпен танысуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір