• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:32:26
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Әдебиет

Алматым, адыра боп барасың-ау

Ару едің Алматым алабөтен, Алаяққа болдың-ау қала-мекен

Тағдыр шығар бұл мүмкін, кінәламан,

Сен емессің, кінәлі– мына заман

«Сәруарым, Алматым, ару әнім!»,–

Сені ойласам кей-кейде жылап алам.

 

Көрген жанның көңілі аспандаған,

Сен ең көкке ән мен гүл шашқан қалам.

Әніңде–әр, гүліңде–нәр қалмаған

Сен болдың-ау у мен зәр басқан қалам.

 

Мұқағали, Жұмекен жаны күпті

Жырмен талқан қып еді тағылықты

Айтыскер боп әләулей өлең жазған

Жағымпазбен құлқын-құл бәрі мықты

 

Аңдушы көп аузымды ашқанымды

Шалушы көп әр қадам басқанымды,

Құланиек ақ таңға мініп кеп ем

Күтіп жүрмін азалы ақшамымды

 

Бір ғасырды  он жылда Ол аттады»-деп,

Даңғой елдің мейрамы, мақтаны көп.

«Қазағым!»-деп ту ұстап туғандардың

Тірісінен Кеңсайда жатқаны көп

 

Ұясынан безінген құстан жаман

Ұрпағың бар ата-салт ұстанбаған

Жымысқы көз, жылтыр сөз, жағымпаз жұрт,

Бай-бағланы жәдігөй мыстан қалам.

 

Әкіміңді мақтаған жабыла кеп,

Ақсақалдың сөзінде мағына жоқ.

Гүл-бағыңа көккөздер ит сигізген

Барасың-ау Алматым адыра боп.

 

Ару едің Алматым алабөтен,

Алаяққа болдың-ау қала-мекен

Тексізі – үстем, тектісі – қор бұл елде

Қиялдың да қанаты талады екен

Тағдыр шығар бұл мүмкін, кінәламан,

Сен емессің, кінәлі– мына заман

«Сәруарым, Алматым, ару әнім!»,–

Сені ойласам кей-кейде жылап алам.

 

Көрген жанның көңілі аспандаған,

Сен ең көкке ән мен гүл шашқан қалам.

Әніңде–әр, гүліңде–нәр қалмаған

Сен болдың-ау у мен зәр басқан қалам.

 

Мұқағали, Жұмекен жаны күпті

Жырмен талқан қып еді тағылықты

Айтыскер боп әләулей өлең жазған

Жағымпазбен құлқын-құл бәрі мықты

 

Аңдушы көп аузымды ашқанымды

Шалушы көп әр қадам басқанымды,

Құланиек ақ таңға мініп кеп ем

Күтіп жүрмін азалы ақшамымды

 

Бір ғасырды  он жылда Ол аттады»-деп,

Даңғой елдің мейрамы, мақтаны көп.

«Қазағым!»-деп ту ұстап туғандардың

Тірісінен Кеңсайда жатқаны көп

 

Ұясынан безінген құстан жаман

Ұрпағың бар ата-салт ұстанбаған

Жымысқы көз, жылтыр сөз, жағымпаз жұрт,

Бай-бағланы жәдігөй мыстан қалам.

 

Әкіміңді мақтаған жабыла кеп,

Ақсақалдың сөзінде мағына жоқ.

Гүл-бағыңа көккөздер ит сигізген

Барасың-ау Алматым адыра боп.

 

 Ару едің Алматым алабөтен,

Алаяққа болдың-ау қала-мекен

Тексізі – үстем, тектісі – қор бұл елде

Қиялдың да қанаты талады екен     

                                             12.03.2017

Мырзан КЕНЖЕБАЙ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір