• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:44:19
Алматы
+35°

10 Шілде, 2018 Аймақтар

Алматылықтар Астанаға тарту жасады

Астананың 20 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры флешмоб ұйымдастырды

Астананың 20 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры флешмоб ұйымдастырды. Аталмыш шара Алматы қаласындағы арбатта өтті.

Акцияның мақсаты- қала тұрғындары Астананы жаңа жасымен құттықтап, Алатаудан Арқаға ыстық сәлемін жолдау.

Шараға Алматы қаласының  белсенді студенттері мен жалпы орта мектептің оқушылары, сондай-ақ "Алматы жастары" Жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты. 100-ге жуық жастар астанаға деген махаббатын, сезімін  көрсету мақсатында жүрек белгісін бейнеледі.

Флешмобқа атсалысқан жастардың дені ел астанасымен түйдей құрдас. 20-ға жеткен өрендер қатарында Бану Құрбанбаева да бар. Ол Елордаға әлі аяқ басып көрмесе де, жүрегін үнемі мақтаныш сезімі кернейтінін жеткізді. Бұған қоса, « Астана- бүгінде алып қалалар қатарына қосылды. Өзге елмен терезесі теңесіп, керегі қатайған, босағасы берік шаһар. Биылғы жылы міндетті түрде барып, өз көзіммен көріп қайтпақпын. EXPO 2017 халықаралық көрмесін барлық бізден барған қонақтар ауыз толтыра мақтап келді. Күн сайын көркейіп келе жатқан қаланың қарқыны бәрімізді қуантады. Өсіп, көркейе берсін»- деп ыстық ықыласын білдірді.

Флешмобтың арты концерттік бағдарламаға ұласып, арнайы жасалған торт тарту етілді. Сонымен қатар, Астанамен бір күнде туылған 7 студентке арнайы сыйлық сыйлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір