• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:44:23
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматылық тұтынушыларға мобильдік қосымшаны енгізу көзделіп отыр

Алматылық тұтынушыларға мобильдік қосымшаны енгізу көзделіп отыр

Алматылық тұтынушыларға мобильдік қосымшаны енгізу көзделіп отыр.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Қапаев Сауықбек мәлімдеді.

Сауықбек Әріпұлының ақпаратынша, техникалық реттеу жүйесін жетілдірудің нақты бағыттарының бірі - техникалық реттеу жүйесінің процестерін автоматтандыру және цифрлау.

Техникалық реттеу және метрология саласындағы қолданыстағы ақпараттық құралдардың мәртебесін Мемлекет басшысының «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында саясатын іске асыру.

Жедел өзгерістерге байланысты белгіленген тапсырмаларды орындау үшін қолданыстағы дерекқорларды техникалық реттеу жүйесінің негізгі блоктары бір алаңға біріктіретін Бірыңғай электрондық жүйе E-КТРМ сандық түрде көшіру қажет:

- Техникалық реттеу

- Стандарттау

- Метрология

- Сәйкестікті растау және аккредиттеу

E-KTРM цифрлы платформасы жүйенің прогрессивті дамуын қамтамасыз етеді және техникалық реттеу объектілері туралы ақпаратты қамтиды, - деп айтып өтті ол өз сөзінде.

Өнімнің қауіпсіздігі субъектілерді техникалық реттеу және мемлекеттік бақылау объектілері мониторингімен қамтамасыз етіледі. E-КТРМ әртүрлі тізілімдер деректерін салыстыру арқылы объектілерді үздіксіз бақылау үшін қажетті екенін атап өткен жөн. Бұл өнімді өндіруден бастап қолданысқа дейін қадағалауды қамтамасыз етеді. Қайтарылған және жойылған өнімдер, сонымен қатар талдау жүргізу бойынша ақпарат Е-КТРМ сайтында орналастырылатын болады.

Тұтынушыларға арналған ыңғайлылықты жасау үшін мобильдік қосымшаны енгізу көзделіп отыр, оған сәйкес өнімді анықтау мүмкін болады. «Процестерді цифрландыру және автоматтандыру» шеңберінде Ақпараттық жүйені әзірлеу жоспарланып отыр.

Бұл жүйенің басты артықшылығы - барлық қатысушыларды процеске бірыңғай платформаға интеграциялау, мемлекеттік бақылаудағы деректер базасын қолдану және тексеру белгілерін онлайн режимде рәсімдеу, автоматтандырылған өңдеу (өтініш берушінің жеке кабинеті арқылы), QR-кодты оқу арқылы онлайн-сертификаттарды және аутентификацияны қалыптастыру, толық ақпараттық қолдау Call – орталығы арқылы. Жаңа жүйе бизнес үшін де, мемлекет үшін де ыңғайлы болады, - деп хабарлады Сауықбек Әріпұлы өз сөзінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір