• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:27:28
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2017 Кәсіпкер

Алматылық қайыршылар айына қанша ақша табады? (видео)

Автордың эксперимент нәтижесіне сәйкес, көше музыканты бір айда 892 мың тапса, «ұрылардың құрбаны» - 812 мың табады.

YouTube желісіндегі САША В ТЕМЕ арнасының авторы Алматыда ерекше эксперимент жасап көрді. «Мен қайыршының түрлі кейпіне еніп, олардың күніне неше ақша табатынын білдім. Нәтижесі мені таңқалдырды», - деді видео авторы. Видео туралы ақпаратта tengrinews.kz жариялады.

Блогер алдымен өзін көше музыкантының кейпінде сынап көрді. Гитара ұстаған «көше музыканты» жарты сағат ішінде 2790 теңге жинаған. Бұл Панфилов көшесінде болды.

Кейін жігіт Орталық стадион маңында жұмысынан айырылып, балаларын асырау керек әке кейпіне енді. Мұнда жарты сағат ішінде 1090 теңге жиналды.

Ендігі кезекте блогер әмияны мен ұялы телефонын ұрлатып алған зардап шегушінің рөліне кірді. Осылайша жарты сағат ішінде 2050 теңге жинай алды.

Видео соңында автор күніне 8 сағат қайыршы болып жүріп 1 ай ішінде 892 мың ақша табуға болады деген қорытындыға келді. Автордың эксперимент нәтижесіне сәйкес, көше музыканты бір айда 892 мың тапса, «ұрылардың құрбаны» - 812 мың табады, ал қайыршы 300 мыңнан артық қаржыны оп-оңай таба алатын көрінеді.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір