• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:41:19
Алматы
+35°

12 Қазан, 2017 NEWS

Алматылық ер адам үйленуге уәде беріп, қыздарды қалай алдаған?

Бірнеше алматылық бойжеткен полиция қызметіне ақшаларын жымқырып, жоғалып кеткен еркектің үстіне арызданды.

Бірнеше алматылық бойжеткен полиция қызметіне ақшаларын жымқырып, жоғалып кеткен еркектің үстіне арызданды,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Patrul.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

patrul.kz

«Әйел құлақпен сүйеді деген» мақалды алматылық қыздар тағы да дәлелдеді. Сүйгеніне қосылып, отбасын құрып, бала сүюді армандаған бірнеше алматылық қыз әр нәрсеге бір нана бермеу керек екендігін өздерінің өмірлік тәжірибесінен көрді. Тартымды ер азамат олармен танысып, аз уақыт арасында отбасын құруға дайын екендігін білдірген. Сөзінің жаны бар екендігін аңғарту мақсатында қыздарды отбасымен таныстырған. Оған қоса, қымбат дәмханалар мен барларда көңіл көтеру де тыс қалмаған. Алаяқ өзін лауазымы жоғары азамат ретінде ұстаған.

Осындай тәсілдермен еркекке алданып қалған қыздар, миллиондаған қаржыны әр түрлі өтіріктерге сеніп табыстап отырған. Мәселен, еркек оларға «лауазымды жұмысқа тұрғызамын, үй, көлік сатып аламын» деп ақша сұраған.

Өзіне керекті соманы алған еркек тасадан тыс жоғалып кетіп отырған. Өздерінің алданып қалғанын білген қыздар полицияға арызданған. Бұл қылмыс бойынша, 6 іс қозғалған. Олар Алмалы және Әуезов аудандық ІІД –де тергелуде.

patrul.kz

Күдіктінің есімі Талғат Апушев, егер осындай жағдайда алданғандар болса полицияға хабарласуды сұраймыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір