• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:41:13
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Алматылық азамат 8 сотық тегін жерін кімге берді? (фото)

Осыдан біраз уақыт бұрын алматылық Абзал Молдабек  өзінің Алматы облысы, Талғар ауданы, Нұра ауданындағы 8 соттық жерін қазақ ...

Осыдан біраз уақыт бұрын алматылық Абзал Молдабек  өзінің Алматы облысы, Талғар ауданы, Нұра ауданындағы 8 сотық жерін қазақ азаматына тегін беретінін айтқан еді. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасына жариялады. Аталған 8 сотық жерді алғысы келген азамат биыл жазда үйдің іргетасын қалауға шамасы жетуі керек болатын.  Бүгін Абзал Молдабек 8 соттық тегін жерді кімге бергенін өзінің әлеуметтік парақшасына жазды.

«8 сотық жерімді Ержан деген ағаға табыстадым. Бұл кісіні таңдаған себебім көп. Айгүл жеңгемізбен отасқан соң, жеңгеміздің анасы , кейін әкесі қайтыс болған. Отбасында 10 қыз жетім қалған. Ержан аға сол 10 қызға осы уақытқа дейін əке орнына əке болып, оқуға түсіріп, тəрбиелеп, 5 қызды ұзатқан. Қазір 5 қызды оқытып отыр. Өзінің 4 баласы бар. Бүгін жұмыс күні болғандықтан жеңгеміз, оқудағы қыздары мен балаларының біразы келе алмады. Бұл кісіге қатты риза болдым, қазір бір əйелін баға алмайтындар бар, ал бұл кісі 10 жетім баланы қамқорлығына алып, өзінің балаларындай қарап жүр. Пәтер жалдап тұрып әбден қажыған, ақшасы жиналмайды. Қай жерде болмасын осындай отбасыға пәтер жалдау оңай емес екенін білесіздер ғой. Кеше жерді апарып көрсеттім, ұнатты. Жерімді сізге беремін деген соң қуаныштан түнімен ұйықтамағанын айтты ағамыз», — деп жазды Абзал Молдабек. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір