• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:34:27
Алматы
+35°

08 Мамыр, 2018 NEWS

Алматылық әйел екі қызымен Иорданияда шетелдік күйеуінің тұтқынында болған

Қазақстан азаматшасы Татьяна Бережная екі қызымен бірге Иорданияда шетелдік күйеуінің тұтқынында болған.

Қазақстан азаматшасы Татьяна Бережная екі қызымен бірге Иорданияда шетелдік күйеуінің тұтқынында болған. Әйел Иорданиядан тек үш айдан кейін ғана қашып келген. Бұл туралы КТК-ға сілтеме жаса Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйел Таяу Шығысқа күйеуінің туыстарына қонаққа бармақшы болған. Алайда құшақ жайып қарсы алады деген туыстары әйелдің құжаттарын тартып алып, балаларының азаматтығын өзгерткен.

Татьянаның айтуынша, бастапқыда бәрі дұрыс болған. Күйеуі Иорданияда болмаған көрінеді.

Азаматтық некедегі күйеуі бизнесіндегі проблемаларды шешкен соң Иорданияға оралатындарын айтып, сол жақтан елге қайтатынын айтып сендірген. Жұбайының туыстары әйелдің құжаттарын алып, визаның уақытын созатындарын айтып, кейін құжаттарды бермей қойған екен. Татьянаның үлкен қызын тіпті жергілікті мектепке оқуға берген. Қыз үш ай бойы тілін білмейтін иорданиялық мектепте оқыған.

«Бізді сонда ұстап отырмақшы болды»,- дейді әйел.

Алайда, кейін әйелдің күйеуі келіп, үндеместен билеттерін беріп әйелі мен балаларын Алматыға әкеліп тастаған.

«Ең бастысы біз аман есен елге оралдық, енді үйдеміз, ешқайда бармаймыз»,-дейді әйел.

Мәліметтерге сүйенсек, бұл іске қатысты тергеу жүргізілмейді. Иорданиядан елге оралған Татьяна күйеуімен айырылысса да, оны кешірген. Ал жұбайының не себепті мұндай әрекетке барғаны олар үшін жұбақ күйінде қалды. Алайда енді балаларының азаматтығына қатысты екі  жақта дау туындайтыны анық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір