• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:56:44
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2018 NEWS

Алматыдағы жол апатынан 24 жастағы қыз көз жұмды (фото)

Алматыда бағдарлы автобус бар жылдамдықпен келе жатып, бойжеткенді қағып өлтірді

Алматыда бағдарлы автобус бар жылдамдықпен келе жатып, бойжеткенді қағып өлтірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Олардың сөзіне сүйенсек, қайғылы оқиға Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған. 126-шы автобус Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатыпты.Өтеген батыр көшесінен өте бергенде, алдынан бойжеткен атып шығады, жүргізуші тоқтап үлгермей, бар жылдамдықпен қызды қағып кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, 30-40 минут бойы қыздың өміріне араша түскен, алайда ол алған жарақатынан жан тапсырды. Бойжеткен 1994 жылы туған екен.

Қазір полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. 

жол апаты

жол апаты

жол апаты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір