Алматыдағы Ұлттық кітапхана ХХ ғасырда қалып қойған ба?

Алматыдағы Ұлттық кітапхана ХХ ғасырда қалып қойған ба?
Ⓒegemen.kz

Алматыдағы Ұлттық кітапханаға бір жылда 1 милионнан астам оқырман келеді, оларға арналған 1,5 мың орындық 14 оқу залы бар. Алайда кітапхананың қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдарды жиі естіп жатамыз. Мұхтар Сеңгірбай есімді оқырман өзінің көңілі толмайтын жайттарды Facebook парақшасында жазыпты.

«Шетелде кітапханаға демалып, оңашада ойланып қайту үшін барасың. Сөреден кез келген кітапты алып, залда тұрған сканерлермен сканерлеп, үйге алғың келсе, тағы бір құрылғыға оқырман билетің мен кітаптың штрихкодын оқытып, алып кете бересің. Үйге алуға болмайтын құнды кітаптар да болады. Алған кітапты тиісті мерзімге дейін өткізу міндетті, болмаса айыппұл төлейсің. Өткізгенде де сыртта тұрған бір саңылаудан салып жібересің, тіпті жәшікке сала саласың. Кітапханаларда оңаша отырып оқитын бөлмелер, топпен бірге отырып дайындалатын залдар болады. Артық дыбыс болмау үшін барлық жерге ковролан төселеді. Тіпті жалаңаяқ жүрсең де өз еркің»,-дейді ол.

Мұхтар Сеңгірбайдың жазуынша, Алматыдағы Ұлттық кітапхана ХХ ғасырдың соңында қалып қойған, мұнда бұрынғы совет дәуіріндегідей оқырманға деген сенімсіздіктің иісі аңқып тұрады, жаңа заман технологиясы адам игілігіне жұмыс істемейтін бір жер болса – ол Ұлттық кітапхана.

«Ғылыми ізденіс барысында әдебиетті мейлінше нақты іздеу, сол тақырыпқа байланысты ең қажет деген әдебиеттерді шолып шығу өте маңызды екені белгілі. Бірақ, Ұлттық кітапханада әдебиетті іздеудің машақаты көп. Біріншіден, шетелдік түгіл жергілікті адам қай жерден нені, қалай іздеу қажеттігін, іздеген кітабын қайдан, қашан алатынын білмейді, дәлізде, залдарда ешқандай нұсқаулық жоқ. Екіншіден, әдебиет іздеуге арналған компьютерлердің біразында интернет жұмыс істемейді. Үшіншіден, іздеу жүйесі мүлде түсініксіз! Өз басым екі сөзден тұратын сөз жазсам, ештеңе таба алмадым, тек бір ғана сөзді жазсаң, жалпылама әдебиет шығады. Қаптаған түсініксіз қысқарған сөздер, кітапханашыларға арналған терминдер. Іздеу барысында кітапты алу-алмау мәселесін шешу үшін оның мазмұнын шолып шығу керек. Ал толығырақ мәліметке бассаң, тағы қысқарған сөздер, кітаптың бет саны, көлемі (сантиметрмен өлшенген) шығады, басқа ештеңе жоқ. «Амалсыз осы болады-ау» дегендерге электронды түрде тапсырыс бересің (Артынан көп тапсырыс бергеніңе өкінесің).

«Ғылыми зал» деп белгілесеңіз, кітаптарыңыз ғылыми залға келе қалады деп дәмеленбеңіз. Газет-журналдар мерзімді басылымдар залына» баратынын кітапханашы ескерткен соң, алдымен соларды тез бітірейін деп ойладым. 4 тапсырыстың біреуі ғана келіпті. Кітапханашы кіреберісте берген тілдей қағазға қанша подшивка алғанымды белгілеп, өзінің журналына да белгі соғып, оқырман билетімді алып қалды. Билетті қайтарып алмайынша, басқа залдардағы кітаптарды ала алмайсың», - деп қынжылады ол.

Оның сөзінше, кітапхана қызметіндегі бас қатырарлық басты проблема – тапсырысты бір сағат күту. Тапсырыстың келетініне  де кепілдік жоқ.

«Біздің кітапханалар адамды ғылымнан жеріту үшін жұмыс істейтін сияқты. Жаппай сенімсіздік, әр келушіге сұғанақ ұры ретінде қарау психологиясы қалыптасқан. Қызметкерлер, басшылық басқа кітапханалардың жүйесімен таныс болар бәлкім. Технологиялық мүмкіндіктерді дамыту қаржыға келіп тірелетіні және белгілі. Бірақ, бір ғана менің басымдағы бір күн ішінде болған оқиға “Ұлттық" деген аты бар кітапхана үшін ұят. Әлде, бұл да Қазақстандағы ғылымға деген жалпы көзқарастың бір белгісі ме?», - дейді Мұхтар Сеңгірбай.

Осы орайда Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық кітапхана басшылығына хабарласып, аталмыш шағымға байланысты ойын сұрады.

Ұлттық кітапхана директорының орынбасары Бақытжамал Қайырбекқызының айтуынша, кітапханада оқырмандар үшін барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, оқырмандармен жұмыс істейтін арнайы қызметкерлер бар.

- Ашық қор арқылы кез келген мәліметті табуға болады. Оқырман бірінші рет келгенде тіркеуден өтіп, оқырман билетін алады. Қай залда қандай мәлімет бар екені айтылады, сонымен бірге анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетіледі. 2-қабатта каталог жүйесі арқылы ақпараттанып, дәстүрлі каталог мен электоронды каталогтың кез келгенін қолданасыз. Бір емес, бірнеше кезекші бар. Олар оқырманға кітап немесе мерзімді басылым керек болған жағдайда көмектеседі», - дейді Бақытжамал Қайырбекқызы.

«Кейбір компьютерлер интернетке қосылмаған», - деген оқырманның сөзін кітапханашы теріске шығарды. Бақытжамал Қайырбекқызы арнайы анықтамалық-библиографиялық қызмет бөліміндегі барлық компьютерде интернет барын айтады. Тапсырыс беру жағынан да еш қиындық жоқ екен.

- Кітап сақтау бөлімінде жатса, қызметкерлер оны ары кетсе 5-10 минутта әкеп береді. Қорда болса, бірден оқырманға табысталады», - дейді Ұлттық кітапхана директорының орынбасары.

Назерке МҰСА

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 1 апта бұрын

    Мен сіздің мақалаңызбен мүлде келіспеймін, кейіпкеріңіздің де (Мұхтар Сеңгірбай) ақпараты негізсіз дегім келеді. Бір күн ішінде болған өз түсінбестігі үшін, дұрыс емес ақпарат таратуы ҰЯТ жағдай. Ал бұл жағдайды зерттеп, анық-қанығына көз жеткізбестен мақала етіп жазған сіздің сауатсыздығыңыз деуге болады. Жаман əрі жалған ақпаратты қабылдау оңай, ал ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ зерделеу мықтылардың ғана қолынан келеді. Ұлттық кітапхана оқырмандары күн санап артып келеді, бұл дегеніміз оқырмандарға тиімді жағдай жасалған деген сөз. Электрондық каталогтан ақпаратты іздеу оңай жəне тиімді. Интернетке қосылмаған дегенге келіспеймін, кітапханамызда тіпті тегін wi-fi желісі орнатылған. Ал беретін немесе берген тапсырысыңыз жайлы өзіндік ереже бар. Кітапхана белгіленген ережеге сонымен қоса стандартқа сай жұмыс жасайды. Ұлт руханиятын, ұлт қазынасын келешек ұрпаққа аманаттау сіз бен біздің міндетіміз. Кітапхана мен кітапханашы сол орта жолдағы, яғни кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір!

    • 1 апта бұрын

      Кез келген мекемеге барсаныз, өзіндік заңдылықтары бар және соны сіз орындауыңыз міндетті. Сол сияқты кітапхананың да өзіндік ережелері, оқырманның міндеттері кітапханаға кіре бергенде фойедегі стендтте көрсетілген. Соған бір назар аударып қарап өтсеніздер дұрыс болар еді. Сондай-ак Ұлттық кітапхана еліміздегі басты кітапхана болғандықтан, бұл рухани ордадан керек ақпаратты таппай қалуыңыз мүмкін емес. Еліміздің түкпірінен күн сайын, ай сайын бірнеше оқырмандар іздеген ақпараттарын табу үшін арнайы ат терлетіп үздіксіз келуде. Кітапханашылар да демалыс күндері кешке дейін үйдегі бала-шагаларын жәудіретіп, оқырмандарға адал қызмет етуде. Сондықтан құрметті оқырмандар, істің байыбын біліп барып айтқандарыңыз жөн болар! Кітапханашылар еңбегін бағаланыздар!

      • 1 апта бұрын

        Қазірге кезде Ұлттық кітапхана оқырмандар үшін жайлы жағдайлардың барлығын жасауда. Кітапханаға күніне 400 ден аса оқырман келсе, оның 150-і жаңадан тіркеледі. 250 оқырман 5 кітаптан тапсырыс берген жағдайда, кітапхана қызметкерлері тапсырысты келу ретімен орындайды. Ал, Ұлттық кітапхана қоры 7млн-ға жуық. Жүйемен келген тапсырыстардың орындалу барысын толық бақылауда ұстап отырады. Ол кісінің айтқаны "өзгенікі қоя тұрсын, өзімдікі бола тұрсын"-деген өзімшілдікке саяды. Ұлттық руханиятты ұлықтап жүрген ұлттық кітапхана әрқашан оқырмандарымен бірге.

        1
        Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде «Қазақстан географиясы» оқытылмайды
        22/02 14:15 0 70
        2
        Трамп мұғалімдерге қару таратып беруді ұсынды
        22/02 13:45 1 70
        3
        Пан-түркизм және латын әліпбиі мәселесі туралы бірер сөз
        22/02 13:15 15 106
        Назарбаевтың орынбасарсыз келе жатқанына 22 жыл толды
        22/02 12:58 0 218
        Черногория астанасында белгісіз біреу АҚШ елшілігіне граната лақтырды
        22/02 12:50 0 54

        Таныстырылғандар

        Ішкі татулық пен қауіпсіздік бәрінен жоғары
        Ішкі татулық пен қауіпсіздік бәрінен жоғары
        Ішкі татулық пен қауіпсіздік бәрінен жоғары
        Соңғы кездері дін саласында дау тудырып жүрген тақырыптардың бірегейі – хиджаб мәселесі
        12/02/2018 16:24 1 408
        Қазақстанның 16 қаласында ауа сапасы төмендеді
        Қазақстанның 16 қаласында ауа сапасы төмендеді
        Қазақстанның 16 қаласында ауа сапасы төмендеді
        Сейсенбіде метеорологиялық жағдайлар 16 қалада ауаның ластануына себеп болады.
        13/02/2018 08:35 2 463
        «Дос-Мұқасанның» мүшесі сейсмология институтының директоры болды
        «Дос-Мұқасанның» мүшесі сейсмология институтының директоры болды
        «Дос-Мұқасанның» мүшесі сейсмология институтының директоры болды
        Директорлық қызметке «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін салушы және алғашқы басқарушысы келді.
        13/02/2018 11:30 1 733
        Сәуле Әбединова: Төрт құбыласы түгел Сәуле жоқ... Ендігі Сәуле басқа...
        Сәуле Әбединова: Төрт құбыласы түгел Сәуле жоқ... Ендігі Сәуле басқа...
        Сәуле Әбединова: Төрт құбыласы түгел Сәуле жоқ... Ендігі Сәуле басқа...
        Менің бойымда бүгінде екі Сәуле өмір сүріп жүр - баласы өлгенге дейінгі Сәуле және баласы өлгеннен кейінгі Сәуле...
        14/02/2018 14:42 91 23832
        Қазақстандағы туу мен өлу көрсеткіші (инфографика)
        Қазақстандағы туу мен өлу көрсеткіші (инфографика)
        Қазақстандағы туу мен өлу көрсеткіші (инфографика)
        Қазақстанда жыл басынан бері тірі туғандар саны – 45221 адам
        14/02/2018 17:21 2 1363
        15 ақпан Қазақстанның басым бөлігінде қалың қар жауады
        15 ақпан Қазақстанның басым бөлігінде қалың қар жауады
        15 ақпан Қазақстанның басым бөлігінде қалың қар жауады
        Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қалың қар жауып, жел күшейеді.
        15/02/2018 10:32 0 574
        Алматыда жолақы қымбаттай ма?
        Алматыда жолақы қымбаттай ма?
        Алматыда жолақы қымбаттай ма?
        Автобустың алдыңғы және артқы бөлігіне камера орнатылып, жол ережесінің бұзылуы тіркелетін болады. Егер автобустар «А» жолағынан шығып кетсе...
        15/02/2018 12:54 6 906
        Жұмбақ миллиардер бүкіл әлемде өз ұрпағын өрбітіп, әскер жасақтамақ
        Жұмбақ миллиардер бүкіл әлемде өз ұрпағын өрбітіп, әскер жасақтамақ
        Жұмбақ миллиардер бүкіл әлемде өз ұрпағын өрбітіп, әскер жасақтамақ
        Бала туған соң оның құжаттарын рәсімдеумен заңгерлер айналысқан.
        15/02/2018 19:55 2 2103
        Суреттің бірін таңдап, өз мінезіңізді анықтаңыз
        Суреттің бірін таңдап, өз мінезіңізді анықтаңыз
        Суреттің бірін таңдап, өз мінезіңізді анықтаңыз
        Адамға сенгіш жансыз. Өміріңізге кез келген адам кіре алады. Жүрегіңіз де өзгелер үшін ашық есік әрізді. Өзгелерден алшақтағаннан гөрі тәуекелге барасыз
        16/02/2018 14:57 6 8578
        Қазақстан халқының саны 18 млн 157 мың адамға жетті
        Қазақстан халқының саны 18 млн 157 мың адамға жетті
        Қазақстан халқының саны 18 млн 157 мың адамға жетті
        Бұл көрсеткіш 2017 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 231,2 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті.
        16/02/2018 16:40 1 445
        Серікболсын Әбділдин: Қазақта рух та, күш те бар. Тек бірлік керек
        Серікболсын Әбділдин: Қазақта рух та, күш те бар. Тек бірлік керек
        Серікболсын Әбділдин: Қазақта рух та, күш те бар. Тек бірлік керек
        Алашорданың 100 жылдығына орай мемлекет тарапынан үлкен той ұйымдастырылуы  керек еді.
        19/02/2018 10:22 1 951
        Дау тудырған оқу құралының екінші авторы қазақтарға ренішін білдірді
        Дау тудырған оқу құралының екінші авторы қазақтарға ренішін білдірді
        Дау тудырған оқу құралының екінші авторы қазақтарға ренішін білдірді
        Оқу құралының екінші авторы, жас ғалым Серікболсын Дүйсембай да қателік кеткенін мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады.
        20/02/2018 13:11 6 1655
        Жетімдер үйінде кәмелетке толмағандарды зорлап келгендер ұсталды
        Жетімдер үйінде кәмелетке толмағандарды зорлап келгендер ұсталды
        Жетімдер үйінде кәмелетке толмағандарды зорлап келгендер ұсталды
        Жетімдер үйінде тексеру жүргізілді
        20/02/2018 18:25 1 2943
        Тергеу абақтысындағы сұмдық пен шындық
        Тергеу абақтысындағы сұмдық пен шындық
        Тергеу абақтысындағы сұмдық пен шындық
        Ісі сотқа жетпей, тергеу абақтысында көз жұмғандар көп.
        21/02/2018 16:02 16 21190
        Ата-анасы өлді деп ойлаған бала жеті жыл бойы жетімдер үйінде болған
        Ата-анасы өлді деп ойлаған бала жеті жыл бойы жетімдер үйінде болған
        Ата-анасы өлді деп ойлаған бала жеті жыл бойы жетімдер үйінде болған
        Жеті жыл өткен соң әйел мен сот қызметкерінің кездесуі күтпеген тосын сыйдың орнауына себеп болады.
        21/02/2018 20:05 0 1582